Жойылу қаупі бар тілдерді сақтау мүмкін бе?

Валий мен гавай тілдері жойылудың сәл-ақ алдында тұрған болатын. Бірақ олар бұл тығырықтан шыға алды. Әйтсе де, басқа тілдердің бұлайша жолы болуы екіталай. Бұл туралы CNN жазады.  

«Тіл ата-анадан балаға үйретілмесе, бір ғана ұрпақтың кесірінен жойылып кетуі мүмкін. Сол себепті оларды сақтап қалудың жоспары өте маңызды. Біріккен Ұлттар Ұйымы биылғы жылды ЮНЕСКО-ның жойылу қаупі бар тілдер тізіміне енген 1700 тіл туралы ақпараттандыруды арттыру жылы деп жариялаған еді», делінген мақалада.

Онда келтірілген мәліметке қарағанда, жылдан жылға ұмытылып жатқан тілдер өте көп.

«Цифрлық технологияның дамуына қарамастан, тілді сақтап қалу қиындап барады. Ал Интернеттегі қарым қатынас тілді мүлдем жойып жіберуі мүмкін», дейді автор.

inform.kz