Данияр Елеусінов карьерасы, Головкинмен болған жағдай және отбасы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен “The Эфир”

Белгілі кәсіпқой боксшы, Олимпиада және Азияның чемпионы Данияр Елеусінов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін “The Эфир” жобасының жаңа қонағы болды.

Таяуда Қазақстанға оралған боксшы сұхбатында өміріндегі өзгерістер жайлы, АҚШ-тағы өмірі, гонорары және карьерасы жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, таяуда Головкин екеуінің арасында болған мәселе жайлы айтып берді. Айтуынша, ол Головкинді қаралап немесе деңгейін төмендеткісі келмеген.

“Бұл жерде менсінбеу жоқ. Менің сұхбаттарымның бірі оның көңіліне тиген шығар. Онда “Мен GGG бола алмаймын, онымен салыстырмаңыздар” дедім. Расында да мен ол сияқты бола алмаймын, менің стилім бөлек, техникам бөлек. Оның деңгейін түсіру мақсатында айтқаным жоқ. Әр адамның өз жолы бар, өзінің стилі, карьерасы бар болғаннан кейін ешкіммен салыстырғанды ұнатпаймын”, – дейді Елеусінов.

kaz.tengrinews.kz