
«Алматы – Астана» поезы қаладан шыға-ақ өзінің бірқалыпты жеңіл жүрісіне салып, лыпып келеді. Жанымдағы серігім әлдебір қимасы қалғандай артта қалып бара жатқан Алматыға әлсін-әлсін терезеден үңіле қарап, деміл-деміл күрсінін қояды. Шөлімді басайын деп минеральды суды ішіп, оған да ұсындым. Жасы отыз бестерді алқымдап қалған жігіт тартынбады. Суды қағып салып, мандайын бір сүртіп:
– Түһ, мына күн күйіп кетті-ау, – деп алдында жатқан газеттердің бірін алып желпіне бастады. Купелес серігімнің аты – Айдар. Астанада жұмыс істейтін шенеуніктердің бірі, қаржы саласының маманы. Алғашында ҚазМУ-ді бітірген көрінеді. Кейіннен заманның ырғағын тез аңғарып, қаржыгерлер дайындайтын институтқа түсіп, мүлде сол салаға кетіп тыныпты. Мұның бәрін мана алғашқы таныстықта-ақ өзі ақтарып салған. Екеуара біраз әжік-күжік әңгімеден кейін жантайып жатқан менің көзім ілініп кетіпті. Айдар түртіп оятты. Сөйтсем, поезд жолдағы бір бекетке тоқтаған екен. Содан бір қауын алып, мені жеуге шақырыпты. Дәмі тіл үйірген қауынды біраз қарбыта асап, оны-мұны әңгімеге көштік.
– Қазір ерінбеген еркек әйелдің етегі жайлы әңгімелейтін болды ғой. Сексті еміне жазатын қазақ газеттері де көбейіп келеді, – деп Айдар стол үстінде жатқан көлемі алақандай-алақандай оңтүстік жақтан шығатын үш-төрт газетті нұсқады. – Сексті жазған жақсы-ау, одан үйренетін бір нәрсе болса. Мыналарды вокзалда жолда оқимын ғой деп алып едім. Ішінде оқитын ештеңе жоқ, сылдыр су. Әйтеуір секс деген осы екен деп «тығып алдым, суырып алдым» дегеннен ешқайсысы аса алмаған. Осындай бос, көпіршік әңгімелерді жазатындар мен оны оқитындарды аяймын. Не деген таяз, түсінігі төмен жандар. Ал нағыз секс, сезім деген бұлардан әлдеқайда жоғары. – Осыны айтқан Айдар көк мұнарға оранып жатқан Алатау мен көк сілемденіп көз ұшында қалған Алматыға әлдебір қимастықпен ұзақ қарады. Сосын жеңіл қатындардың суреттерін аямай берген газеттерді парақтап отырып:
– Қалай десең де осы газетгерді жұрт қызыға оқиды. Сұраныс болмаса шықпас еді ғой, – деп мен де дау айтып жатырмын.
– Бұл бір уақытша құбылыс қой. Ертең бәрі де қалады. – Айдар ұнатпай қолын бір сілтеді.
– Байқаймын, әйел десе елең ете түсер еркектің бірі көрінесің. Мен де сол. Қыз-қырқын десе, ішкен асын жерге қоятындардың бірімін. Тыңдай отыр, мен саған әлі ыстығы басыла қоймаған бір әңгіме айтып берейін. Жол қысқарсын.
Сенбі, жексенбі болса Алматыға қарап мөңіреп тұратын астаналық көп шенеуніктің бірімін, – сәл жымиған Айдар әңгімесін ары жалғады. – Өйткені, Алматыда студенттік өмірім, жас шағымның ең бір қызықты күндері өтті. Астанаға жұмыс бабымен ауысқанымызға екі-үш жыл ғана болды. Әлі үйренісе алмай жатырмыз. Тіпті қыдырып бара қоятын жерлер де аздау. Ретін тауып, қыз-қырқынмен қыдырайын десең де бірден көзге түсіп қаласың. Қала шағын. Нағыз демалатын, қыдыратын қала айналайын Алматы ғой. Мұнда ең бір әдемі, сымбатты қыз-келіншектер жиналған ба деп қаласың. Мен жұмыс істейтін банктің бас офисі осы Алматыда. Сондықтан іссапармен айына бірер рет келіп-кетіп тұрамын. Жасыратын несі бар, әр келген сайын ағайын-туыстардың үйіне түскеннен гөрі арзанқол қонак үйлерге тоқтағанды жөн көремін. Өйткені осында қалған тамыр-таныс қыз-келіншектермен кездесіп, бір мауқымды басып қалу ғой, баяғы. Осы жолы да жаман демалған жоқпын. Тек мына бір оқиға болмаса…
Алғашында бірер күнге күндіз жүмыстан қол босамай, тек кешкілік қонақ үйді торуылдаған арзанқол жезөкшелермен түндерімді өткіздім. Құдайға шүкір, ақша жоқ емес, баршылық. Өйткені, үлкен бір банктің білдей бір басшысы болған соң теңгені шытырлатып ұстайтындардың бірімін. Жұма күні келген жұмысымды бітіріп, соны жуып тастайық деп қаланың ортасында орналасқан бір кафеге бас сұқтық. Кешкілік мезгіл. Шамасы, жастар жиі бас сұғатын орын болса керек. Қыз-қырқынның да қарасы молдау. Жанымда отырған жігіт сөзге де, әзіл-қалжыңға да ұста еді. Соның арқасында көрші үстелде отырған екі қызды өзімізге қосып алдық. Қыздардың бірі – кәріс, екіншісі – орыс. Біз іш, іш деп зорламасақ та олар жарыса қағып салып, сақ-сақ күліп, әңгіме айтып отыр. Шақырған жігіт-желеңге көп отказ бере бермейтін «нағыздардың» өздері сияқты. Отырыстың соңынан қонақ үйге шақырып едім, оған да көне кетті. Тек «қайтарда таксиге ақша берсеңдер болды» десті екеуі де. Әлгінде даяшымен есептесіп жатқанда қалтам толы ірі ақша екенін екеуі де байқап қалған. Кафеден шықкан соң жанымдағы жігіт: «Үйге қайтам» дегенді шығарды. «Мына екеуін бірдей не істеймін» десем, ол: «Қатын ауру, бала жас» деп ыңылдады. Онымен қоймай: «Қасыңда қатының жоқ, шөлдеп қалған боларсың, екеуін бірдей тоңқайт, ал мен кеттім, ренжіме» дегені. Сонымен, қойшы, әлгі қыздарды таксимен өзім тоқтаған қонақ үйге алып келдім. Ішке кірген соң жолай сатып алған шарапты бөліп ішіп, тән тоятына қызу кірісіп кеттік. Олар екеу, мен жалғыз. Күшім жеткенше екеуін де кезек-кезек ұрғылап жатырмын. Әлгінде «кішкене тиын-тебен берсең» деген соң қалталарына 5 мыңдықтың бір-екеуін тығып жібергенмін. Соған риза болған олар түрлі позаларды аянбай-ақ көрсетіп жатыр. Тән тоятына екі ұрғашымен бірдей алғаш рет түсуім. Мұндай кәйіпті бұрын-соңды көрмегем. Екі қыздың да сұлулығы мен сымбаттылығында мін жоқ. Әппақ борықтай екеуін таң атқанша солқылдатып шыққанымды білемін… Онымен қоймай, ертеңіне тағы да кездесейік деп ұсыныс жасадым. Ақшалы еркектен айырылсын ба, екеуі де қуана келісті.
Кешкілік уәделескен уақытта телефон шылдыр етті. Кешегі екі кыздың бірі екен.
– Айтқан «заказын» даяр. Тек ақшаң болса, – деді трубканың ар жағындағы дауыс. Түнде шарап пен жалаңаш екі қыздың буына елтіп жатып «Маған свежий тағы біреу табыңдар» дегенмін. Сол-ақ екен, олар «керемет бір сылқым сұлу барын» айтқан. Сөзге келместен «Соған кездестіріңдер, бір түнді сонымен өткіземін» дедім. «Әдемілігіне сай ол өте қымбат. Бір түні 150 доллар» десті екеуі. «Бопты» деп келісімімді бергенмін. Мынаның айтып тұрғаны сол әңгіме.
– Ол сіздің қонақ үйге бармайды. Керісінше, сен оған баруың керек, мынау адресі…
Жарты сағаттан соң кездесетін үйдің алдында тұрдым. Карина (кәріс қыздың аты) тосып тұр екен. Амандықтан кейін ол бірден:
– Кездесетін адамыңыздың аты – Оксана. Қазақ қызы. Ол – біздің басшымыз. Соның сілтеуімен «жұмыс» істейміз. Қазір сіз кіресіз. Мен осында күтемін. Ұнаса, қалыңыз, ұнамаса он-он бес минуттың ішінде сыртқа шығыңыз. Мен сізбен қонақ үйге баруға, кешегіндей «жұмысқа» әзірмін. Егер Оксананы ұнатып қалып жатсаңыз, жақсы демалыс тілеймін, – деді.
Үшінші қабатқа көтеріліп, келген пәтердің қоңырауын бастым. Ашылған есіктен сәлем беріп кіре беріп, таң қалғанымнан шалқамнан түсе жаздадым. Сіз білмейсіз ғой, менің алдымда кім тұрғанын. Айтсам, сенбеуіңіз де мүмкін. Сол сәтте мен де өз көзіме өзім сенбеген едім. Жарайды, кімді көргенімді артынан айтармын. Сонымен, «Қой, бөтен болар, өмірде ұқсас адамдар көп қой» деген оймен аяқ киімімді шешіп, залға өттім. Ол да сыр бермеді. Тек:
– Алдымен есептесіп алайық, – деді ақырын. Келіскен ақшаны қолына ұстата салдым.
– Ваннаға кіріп, шайынып алыңыз. Таза орамал да сонда ілулі тұр, – осы айтқан Оксана үстелде жатқан шылымды алып тұтатты. Өң меп түстің арасында қалған мен қалай шешінгеніме, Оксанамен қалай «ойнағаныма» есеп беруге шамам келмеді. Атқа мінгендей үстіме мініп алып, изендеп отырған тырдай жаланаш қыздың оң жақ тамағындағы меңін көргенде: «Сол, сол ғой» деп ойлауға ғана шамам келді. Сүт сауым уақытта «жұмысымды» бітірген мен шайынып келіп шалқамнан жаттым.
– Шай ма, кофе ме, – деді Оксана орнына тұрып жатып.
– Қайсы болса да бәрібір. Оның әппақ борықтай сұлу денесіне қызыға қарадым. Қысқа халатты үстіне жамыла салған ол ас үйге шығып кетті. Сәлден соң:
– Келіңіз, кофе ішейік, – деген дауыс естілді.
– Ұзақ қарадыңыз ғой, таныдыңыз ба? Бірақ әлі де сыр бергіңіз келмейді, ә? Мен сізді бірден таныдым. Енді жұмбақ ойнамай-ақ қояйық. Мен сол баяғы Ақшарқатпын, – осыны айтқан Оксана – Ақшарқат кофесін бір жұтып маған тесіле қарады…
…Иә, алдымда отырған Ақшарқат еді. Менің ең алғашқы сезімімді оятқан, балаң, бала махаббатым Ақшарқат еді. Неге танымайын, көрген сәтте-ақ бірден танығанмын. Бірақ «оған ұқсас өзге болса екен» деп тілеген едім. Өйткені, оны мұндай кір, лас қылыққа қимаған едім. Әттең…
Е-е, достым, әлгінде айтпағанды енді айтайын. Ақшарқат менің алғашқы махаббатым болатын. Ол көрші ауылдың қызы еді ғой. Сол жақта тұратын туыстарыма барып жүріп, танысқанмын. Хат жазысып тұрдық. Анда-санда ол жаққа жолым түсіп бара қалған кезде, бір-бірімізге не айтарымызды білмей, ұялысып, төмен қарап отырушы едік. Соның өзі қызық еді-ау. Бұл, бала махаббат дегенді қойсашы.
Мен мектепті бітірген жылы, ол бітірді. Екеуміз де ҚазМУ-ге құжат тапсырып, студент атандық. Сол жылы күзде университет қабырғасынан мен әскерге алындым. Алғашында хат жазысып тұрдық. Кейіннен Ақшарқат хатты сиретті. Соңғы бір хатында өзге жігітті ұнататынын жазыпты. Содан кейін одан хабар мүлде тоқтаған. Екі жылдық азаматтық борышымды өтеп болған соң оқуымды жалғастыруға университетке оралдым. Ақшарқат жайлы сонда естідім. Оны оқудан шығарып жіберіпті. Ол бұзылып, жеңіл жүріске түскен көрінеді. Осында оқитын шетелдік студенттермен қыдырыпты. Бірде қыдырып, көңіл қосып жүрген шетелдіктердің қойнына бір жас қызды салып беріпті. Ол көнбей балконнан секіріп мертігіпті. Ақыры аяғы үлкен дауға ұласып, Ақшарқат бастаған екі-үш жеңіл жүрісті қыздарды оқудан шығарыпты. Одан кейін арада қаншама жылдар өтті. Ақшарқатты қайтып кездестіре алмадым. Ол жайлы елдің өсегіне де сенбеген едім.
Е-е, достым, құдайдың құдіретіне шек бар ма! Ақыры көңіл көтеремін деп келіп, онымен ойда жоқта кездестім…
Мен туралы естіген боларсыз. Сол бір оқиғадан кейін мені оқудан шығарып жіберді, – Ақшарқат темекі тұтатты. – Әлі есімде, сені армияға шығарып келіп, бөлмеден шықпай екі-үш күн жылап жатқаным. Рас, сені жақсы көрдім. Сағынып хат жаздым. Солай бола тұрса да жаман жолға қалай түскенімді сезбей қалдым. Бір бөлмеде жоғары курста оқитын екі қызбен бірге тұрдым. Обалы не керек, өте ажарлы сымбатты қыздар еді. Жігітгер жиі келетін. «Тфу, өңкей жалаңаяқтар, тек тамақ, шай ішуге келеді» деп өздеріне келген жігіттерді менсіне бермейтін. Сол жылдары ҚазМУ-де шетелдіктер көп оқыды ғой. Негрі де, арабы да, ауғаны да дегендей. Екі қызды солар қонаққа жиі шақыратын. Шетелдіктер десе, екеуі ұшып кетеді. Көбіне соларға қонаққа барса, келмей қонып қалады. Олардың бұл тірліктеріне алғашында үрке қарап жүрдім. Жүре келе мені де ертетін болды. Барғым келмейтін. Ақыры, көндірді ғой. Содан бір күні бір шетелдіктің туған күніне бардық. Көңілді отырдық. Ішпеймін дегеніме қарамай, бірер рюмка шампан мен шарапты араластырып жұтқызып жіберді. Шала маспын. Билеп жүрміз. Шетелдіктер бізге қарағанда сауықшыл ғой. Біресе анасы, біресе мынасы келіп биге сүйрейді. Әбден масайдым. Бір есімді жиғанда сау кезінде «ухажер» болып жанымда отырған негрдің қойнында тыр жалаңаш жатырмын. Ауырын-ай иттің. Алып денесімен астына салып умаждап жатыр. Бөлмеде жалғыз мен емес, тағы да екі-үш қыз мына негрдің достарының астында ыңырсып жатқанын байқадым. Олар таң атқанша бөлмедегі қыздарды кезек-кезск ауыстырып, дөрекі тілмен айтсам, итеріп шықты. Жел көтермеген етегімді сөйтіп негр көтерді. Ертеңінде өлейін деп ойладым. Бірақ жан тәтті екен… жанымдағы қыздар: «Кіммен қыдырсаң да, кіммен жатсаң да өз еркің өзіңде. Елдің шаруасы қанша. Қайта шетелдіктермен жүрсең, ұшан-теңіз пайда» деп басу айтысты. Олардың айтқанынан асып кете алмадым. Расында сол жылдары әйелдер боянатын бояулар, түрлі киім-кешектер дефицит еді ғой. Сол шетелдіктермен араласқанның арқасында олар бәрін тауып беріп жататын. Ақыры екі қыздың айтқанымен жүрдім. Қысқасы, солармен бірге ылықтым. Темекі тартып, арақ ішуді үйрендім. Шетелдіктермен қыдыру, солармен бірге қонып қалу әдетке айналды. Сөйтіп жүргенде оқудан шығарып жіберді. Екіқабат болып, бір ұл тудым. Ол маған тартпаған, қарақожалақ негр сәби еді. Қағымнан жеріп, оны сол перзентханада тастап кеттім. Жезөкшелермен бірге Алматының қымбат қонақ үйлерінде «қызмет» көрсеттік. Жеңіл жүрістің дәмін бір алып алса, қоя алмайды екенсің. Сөйтіп жүргенде заман өзгерді ғой. Мен жұмыс істемеген фирма, компаниялар Алматыда аз. Бастықсымақтардың бәрі едіреңдейді, астына салады, дегендерін қылады. Ақыры, «өзім би, өзім қожа» болайын деп жаныма жеңіл жүріске салынған жеті-сегіз қызды жинадым. Қазір көңіл көтергісі келетін қалталы мырзалар көп қой. Солардың «заказын» орындаймыз. Бар тірлік осы. – Ақшарқат темекінің тұқылын күлсалғышқа тастап, суып қалған кофесін жұтты. – Әрине, бұл лас тірліктен жалықпадың ба дейтін шығарсың. Иә, жалықтым, – ол күрсініп қойды. – Безіп кеткім келеді, бірақ қайда?
Ақшарқаттың жанары жасқа шыланды. Оның сүйріктей саусақтарын сипаладым.
– Ақшарқат, үйленейікші, – қалай айтқанымды өзім байқамай қалдым. Төмен қарап отырған ол бір сәт басыи көтеріп, маған тік қарады.
– Жоқ, – деді сосын күрсініп, – талай еркектің астында жатып, көн тулақ болған мені қайтесің. Өз жанұяң бар, шырқын бұзба. Мен жүрген бір жезөкшемін. Кезінде сенің сезіміңді қадірлей алмап едім. Енді жетістіреді дейсің бе? Көңілің қаласа, осылай да кездесіп тұрайық. Көп ұзамай ел жаққа кететін шығармын. Бір жақын ағайынның баласы үлкен әкім болған екеи. Сол жұмысқа шақырады. Бәрін қойып, адам болсам деймін. – Осыны айтқанда Ақшарқаттың жанарынан жас тамып-тамып кетті. Орнымнан тұрып, оны құшағыма тарттым. Жас толы жанарынан өптім. Оның айтқанының бәрін естен шығардым. Көз алдыма баяғы окушы, жас қызды, алғашқы махаббатым болған Ақшарқатты елестеттім. Сол баяғы күлімкөз, ақсары әдемі қыз…
Ернінен құшырлана сүйдім, аялай құшақтадым.
– Шын көңілмен құшақтасып, шын сүйіспегелі қашан. Әбден «роботка» ұқсан кетіппін. Біртүрлі сияқты, – Ақшарқат әлденелерді айтыи, жылап жатты. Мен оның айтқандарын естігім келмеді. Құшағымда жезөкше Ақшарқат емес, баяғы балғын Ақшарқат тұр деп елестеттім. Солай деп құштым, солай деп таң атқанша аймалап шықтым.
– Құдай-ай, мұндай да тәтті түн болады екен-ау, білсемші, – ол да мені тас қып құшактап айырылар емес.
Сөйтіп, арманым болған алғашқы махаббатым Ақшарқатты осылай кездестірдім.
Таңертең оянғанда ол бүрісіп бауырыма кіріп жатыр екен. Ұйқысын бұзғым келмеді. Сыпырылып қалған жамылғышты үстіне жауып, маңдайынан иіскедім де, киініп сыртқа шықтым. Ақшарқат менің қолым жетпес арманым еді, бал махаббатым еді. Оның жасқа толы жанарын көргенде бәрін ұмыттым, бәрін кештім. Өмірде адасып жатқандар аз ба, солардың бірі Ақшарқат еді ғой. Міне, достым, саған айтар әңгімем осы. Мұның бәрі әлгіндегі секс дегеннен шығып кетті ғой. – Айдар орнынан тұрды. – Жүр, тамбурға шығып, темекі тартып қайтайық.
Тамбурға шыққан соң терезеден Алатаудың сілемдеріне көз салған ол:
– Үйленейік дегенде Ақшарқат келісімін берсе, бәлкім, Алматыда қалып қалар ма едім, мен оның барлық қателіктерін кешірер едім. Ақшарқат менің арманым еді ғой… – ол күрсініп салды.
Сейсен Әмірбекұлы