2019 жылы елімізде не өзгереді?

Келер жылға көз жүгіртпес бұрын, өткен жылға қорытынды жасап көрейік:

2018 жыл бірқатар айтулы оқиғалармен есте қалары сөзсіз. Ағымдағы жылдың маңызды тұстары мынандай болды.

Қазақстанда 2018 жыл «Өзбекстан» жылы деп жарияланды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Бұл қызметке кеңестің тұрақты емес мүшелері кезекпенкіріседі. Қазақстан 2017 жылы ұйымның тұрақты емес мүшесі атанған еді.Төрағалықтың негізгі мәселесі Орталық азия мен Ауғанстан бойынша ҚК құжатынқабылдау болды.

2018 жылы наурыз айында Орталық Азия елдерінің президенттері Астанаға жиналды. Көп ұзамай Каспий жағалауы мемлекеттері президенттерінің саммиті өтіп, Каспийге иелік етіп келе жатқан бес мемлекет арасында Каспийдің құқықтық мәртебесі анықталды.15 наурызда Орталық Азия елдері басшыларының саммиті өтті. Кейіннен Бас Қаламыздың 20 жылдық мерейтойы кең ауқымда аталып өтті.

2018 жылы «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» заңының 3-бабы 1-тармағына сәйкес, Түркістан облысы құрылып, орталығы Түркістан қаласы атанды. Ал Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Осылайша, 2018 жылдан бастап Қазақстан 17 әкімшілік-территориялық  аймаққа айналды.

2018 жылдан бастап Қазақстандықтар Шетелдік төлқұжат алу үшін 8 АЕК төлейтін болды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4 АЕК еді. Бұл Салық Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты орын алды.

2018 жылы Зейнетақы Қорындағы қаражатты алу мен төлеу жүйесі өзгерді. Яғни, бұрын тоқсан сайын, жыл соңында берілетін бір реттік төлем тоқтатылып, ай сайынғы зейнетақыға қосылып, соның нәтижесінде зейнетақы мөлшері артты. Еңбек өтілі мен жасына байланысты берілетін зейнетақы көлемі тағы 8 пайызға артып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең базалық зейнетақы алатын болды. 

Мәдениет саласында да қуантарлық оқиғалар орын алды. Қазақстандық режиссердің фильмі «Айка» кинокартинасында басты рөлді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова Канн фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша жоғары марапатқа ие болды. Сондай-ақ, Қазақстан 2018 жылы алғаш рет «Junior Eurovision» халықаралық балалар ән байқауына қатысты. Еліміздің намысын Даниэлия Төлешова қорғады. Байқаудың гранд-финалында өнер көрсеткен талантты отандасымыз 6—орынға ие болды.

Бұл жылдың берері де, адам жағасын ұстатар оқиғалары да болды. 2018 жылы жаз айында Алматы қаласы менингит ошағына айналды, Қазақстан менингит эпидемиясы жүріп жатыр деген ақпарат тарап, вакцинаға қатысты дау туындады. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баспасөз маслихатын өткізіп, эпидемияға қатысты жалған ақпараттарға нүкте қойды. Қазақстанда 58 менингит оқиғасы тіркеліп, оның 32-сі Алматы қаласында екенін, бұл жағдай эпидемия жариялау үшін қажетті көрсеткіштен әлдеқайда төмен екендігін айтқан болатын.

Еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды талай мәрте желбіреткен, мәнерлеп сырғанаудың Қазақстандағы мектебін қалыптастырған жас болса да, ел намысын биіктерге көтерген спортшы Денис Теннің қазасы Қазақстан Халқын есеңгіретіп тастағаны белгілі. Қазақстанның халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза 86 жасында өмірден озды.

Тағы бір жылды артқа тастап, 2018 жылды қорытындылайтын сәт алыс емес, алдағы 2019-да Қазақстанда қандай өзгерістер орын алуы мүмкін?

2019 жылдан бастап, Қазақстанда зейнетақы өседі.

Жыл басында ынтымақты зейнетақының индексациясы жүргізілетіндігі туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова хабарлаған болатын. 2018 жылы индексация 9%-бен жүргізілген еді, 2019 жылы инфляция деңгейіне тағы 2% қосып жүргізілетін болады.

2019 жылдан бастап мектеп түлектері ЖОО оқуға қаңтар айынан бастап түсетін болады.

Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім саласындағы өзгерістер туралы хабарлады. Министрдің айтуынша, мектеп түлектері енді ақылы негіздегі жоғарғы оқу орнынына қаңтар айынан бастап түс алады. Осы себепті ҰБТ қаңтардан бастап бірнеше рет өтетін болады.

2019 жылдан бастап сырттай оқу жүйесі тоқтатылады.

 Қазір сырттай оқып жүрген студенттер оқуларын аяқтайды. Жоғары оқу орындары білім үлгерімінің нәтижесіне қарай студенттердің бакалаврды уақытынан бұрын бітіруге мүмкіндік беретін ыңғайлы бағдарлама жасайтын болады.

2019 жылдан бастан жалақысы аз жұмысшыларға салынатын салық көлемі азаяды.

ҚР Ұлттық Экономика министрі Тимур Сүлейменов халыққа есеп беру кездесуінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25АЕК-ке дейінгі еңбекақысы бар жұмысшыларға салынатын салық жүктемесі 10 есеге азаятынын айтты.

2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артады. Оларға еңбекақы жаңа жүйе бойынша төленетін болады.Яғни, еңбекақы көлемі жұмыстың сипаты мен күрделілігіне, сондай-ақ нақты тиімдікөрсеткіштерге тәуелді болады. Демек жаңа жылдан кейін мемлекеттік қызметкерлержоғары жалақы алу үшін білек сыбана кірісуі керек деген сөз.

2019 жылдан бастап өз иесінің атына тіркелмеген ұялы телефондар мен гаджеттербұғатталады. Бұл туралы осыжылдың басынан хабарланған болатын. Желтоқсан айының соңына дейін тіркелмегентелефондар пайдалануға жарамсыз болып қалады. Ал сіз телефоныңызды тіркедіңізбе?

2019 жылдан бастап ұшақ билеттері арзандауы мүмкін. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министріТимур Тоқтабаев Парламент Мәжілісінде туристік саланы дамыту туралы үкіметсағатында мәлімдеген болатын. Жағымды жаңалықтың орындалуын күтетін боламыз.

2019 жылдан халықты онлайн-сақтандыру жүйесі енгізілетін болады. Жалақының бір пайызы міндетті әлеуметтік-сақтандыру қорынааударылатын болады.

Өткен жылға өкпеміз жоқ, келер жылдан күтер үмітіміз көп. Жаңа жылда жағымды жаңалықтар көп болғай….

Балжан Халық, TazaEl.kz