9 үміткер. Додада дара келетін кім?

Кандидаттарды ұсыну кезеңі 10 сәуірден 28 сәуірге дейін өтті.

28 сәуірде Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті,

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну кезеңінің қорытындысына арналған отырысқа саяси партиялардың және бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Ұсыну кезеңінің қорытындысы бойынша, заңнамада белгіленген құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 9 республикалық қоғамдық бірлестік, оның ішінде төрт саяси партия ұсынды. Келесі кандидаттар ұсынылды:

  1. Түгел Сәді-Бек

1955 жылы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Амангелді ауылында туған.

2019 жылы 17 сәуірде “Ұлы дала қырандары” республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.

Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 22 сәуірде ұсынылды.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 3 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Түгел Сәді-Бек ҚР ОСК 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 18/249 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық Заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес.

  1. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған.

2019 жылғы 23 сәуірде “Nur Otan “партиясы” қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 23 сәуірде ұсынылды.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 2 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚР ОСК 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 16/244 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық Заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес.

  1. Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы

1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысы Казтал ауданы Қушанкөл ауылында дүниеге келген.

2019 жылғы 24 сәуірде«Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынды.

Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынылды.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 26 сәуірдегі №4 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы ҚР ОСК 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 19/251 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық Заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес.

  1. Еспаева Дания Мәдиқызы

1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында дүниеге келген.

2019 жылғы 25 сәуірде “Ақ жол “Қазақстанның демократиялық партиясы” қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Құжаттар ҚР ОСК-ға 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынылды.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 5 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Еспаева Дания Мәдиқызы ҚР ОСК-ның 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 19/252 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық Заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес.

  1. Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы

1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.

2019 жылғы 25 сәуірде “Ауыл “халықтық – демократиялық патриоттық партиясы” қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Құжаттар ҚР ОСК-ға 2019 жылғы 26 сәуірде рұсынылған.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 6 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

  1. Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы

1961 жылы 11 ақпанда Ақмола облысы Қорғалжың ауданы Жантеке ауылында дүниеге келген.

“Қазақстан Коммунистік Халық партиясы” қоғамдық бірлестігінен 2019 жылы 26 сәуірде ұсынылды.

ҚР ОСК-на 2019 жылғы 26 сәуірде құжаттар ұсынылған.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 7 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

  1. Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы

1964 жылы 13 мамырда Қызылорда облысы Арал ауданы Сапақ станциясында дүниеге келген.

“Ұлт тағдыры “Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы” қоғамдық бірлестігінен 2019 жылы 26 сәуірде ұсынылды.

Құжаттар ҚР ОСК-ға 2019 жылғы 27 сәуірде ұсынылған.

  1. Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы

1966 жылы 15 шілдеде Ақмола облысы Қорғалжың ауданы Жантеке ауылында дүниеге келген.

“Қазақстан құрылысшылар одағы” заңды тұлғалар бірлестігі 2019 жылдың 27 сәуірінде ұсынылды.

  1. Әлиев Жұматай

1952 жылы 20 маусымда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген.

“Халық демографиясы” қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың 26 сәуірінде ұсынылды.

Құжаттар ҚР ОСК-ға 2019 жылғы 28 сәуірде ұсынылған.

Орталық сайлау комиссиясымен сәйкестігі анықталған төрт кандидат қазіргі уақытта өз қолдауына қолдарын жинайды. 12 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 118 140 қол жиналуы қажет.

Басқа кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады.

Кандидаттарды тіркеу кезеңі а. ж. 11 мамырда сағат 18-00-ге дейін жалғасады.