
Әлемдегі басқа халықтармен бірге тіршілік кешіп жатқан 200 миллионға жуық түркі жұрағаты ХІ ғасырдан бастап ХVІІ ғасырға дейін жер шарының үштен екісін билеп тұрды десек қателеспегендігіміз. Сонау ХІ ғасырдан бастап-ақ Шыңғыс хан құрған империя мен одан кейінгі оның немересі Евразия жазығында Батыл хан (Бату хан) ұйымдастырған империя әлем елдерінің ішінде тек қазіргі қазақ халқының маңдайына жазылған әрі осы елдің ру-тайпалары құрған ірі қағанаттар (державалар) деуге әбден болады. Егер сезіне, түсіне білсе, менің туған қазақ жұртым осығанда мақтанышпен аса қуана білген болар еді. Тек, санасындағы құлдық түйсікті алып тастай алса. Сол бір замандарда ат үстінде маймылдай ойнап, жебені таспадай дәлдікпен ата білген, соғыс өнерін кереметтей меңгерген және жер бетіндегі көшпелі халықтардың ішіндегі ең көбі әрі мазасыз соғыскері осы біздің халық еді. Бұған ешбір ел дау айта алмайды.
Жаныншүберекке түйіп, қаны мен құрбандығын шаша жүріп, қазіргі біздің ұлттың кезіндеарыстай айға шапқан екі ұлы империя құра білуі, ол оңай дүние емес. Мұндай ұлыістерді атқару, ұйымдастыру басқа халықтардың пешенесіне жазылмаған. Тек,қазақтар осы ұлы ұғымды түсінсе болғаны! Түркі жұртының екінші бір халқы құрғанұлы қағанат, ол – Осман империясы. Бұларда да өз заманында ат үстінде өскенжұрт. Кәрі құрлықтың (Еуропа) тізгінін қолына алып, азияның бірнеше елін иліктіргенхалық. Византия империясын құлатып, астанасы Константинопольді тартып алудыңөзі ұшқырлық пен мықтылықтың белгісі емес пе?!

Шыңғысхан мен оның ұрпақтары орнатқан қос империясы, сондай-ақ, Осман империясы,басқа ұлттардың шашылып жатқан княздықтары мен корольдіктерін біріктіріпбір-бір мемлекет болуына және олардың дамуына әкеп соқты. Сонымен қатар, Көшімхан билеген бүкіл Сібір жерінің (Ыбыр-Сыбыр өлкесі) кеңдігіде Рим империясыныңаумағынан әлде қайда үлкен болған. Көшім де Шыңғыс хан және Батыл хан (Бату)сияқты көне қазақ тілінде сөйлеген қыпшақтардың ұрпақтары. Оларды ұмытуғаболмайды және кейінгі ұрпақтардың сана-сезіміне, оның ата-бабаларының қандайболғандығын дұрыс түсіндіріп, қалыптастыра білуіміз керек! Қазақ ең біріншіішкі тай-таластан және аңғалдығынан өздері бір кездері құрған алпауытмемлекеттерін құлатып алған.
Мәселен; Куликова даласындағы (Күлік алқабы) соғыста Алтын Орда билеушісі ер Мамай жеңілген емес. «Өлдің Мамай, қор болдың», – депте айтпаған. Қайта «Жеңдің Мамай, ерледің Мамай», – деген. Сталин құрған Кеңес итмпериясының сол кездегі орыс ғалымдары бәрін керісінше өтірік жазған. («Сталинияда» кітабынан). Тек, Алтын Орда империясы Темірланнан бірнеше рет соққы жеп, жеңілгеннен соң әлсіреп қалған. Әскер басы Мамай болса Алтын Орданы қайта қолға алып, күш жиып, орыс княздықтарынан келетін тоқтап қалған алым-салықты қалпына келтірмек болған. Алтын Орда әскері бұрынғыдай мол болмағандықтан, шегінген жаудың артынан жібермеген. Соны Қызыл тудың астындағы ғалымдар мен жазушылар Александр Невский жеңді, – деп ойдан құрастырып, Кеңестік идеологияға өз үлестерін қосқан. Алтын Орданы құлатқан негізінде Темірлан болатын.
Темірлан кім еді?! Орыс жазушысы С.Деминнің«Баязит», – атты атақты романы бар. Роман түрік сұлтаны Баязиттің атыменаталғанымен, көбіне-көп Темірланның бірде-бір рет жеңілмеген әскері мен оныңжеңімпаз жорықтарына арналған. Романды түгелімен оқып шыққан адам, жазушыныңТемірланды ешбір жерде өзбек, – деп атамағандығын байқайсың. Мүмкін ол кездеөзбек атауы болмағанда болар. Тек, Барлас руының азаматы болғандығын айтыпотырады. Көп жерінде былай деп жазады; «Он был сын скотника кочевого народа,пересилившиеся на берег реки Сырдарьи и Кашкандарьи». Жалпы Барлас руы қайданкелген және бұл арада қайдан пайда болған? Шыңғыс ханға байланысты романдар менғылыми зерттеу монографияларды оқып, ізденіп қарағанда, Барлас руын Алтайдыңарғы бетіндегі сол замандағы және сол кеңістіктегі ең ірі тайпа Наймандардыңқұрамынан көресіз. Осы тайпаға жататын кішігірім ғана ру. Хорезм империясынШыңғыс хан шапқанда Алтайдан бері асып өткен қалың әскердің құрамында соғысқақатысқан. Шыңғыс ханнан кейінгі хандардың тұсында көпшілік қазақ рулары сияқты(барлығы дерлік) Алтайдан бері асып өткен. Ертістен Байкөлге дейін барған. Бірақ,кейін ол жақтың қатты суығы ұнамады ма әлде жаз жайлаудан, қыс қыстаудан қыспақкөрді ме оңтүстікке қарай ауысып, ол кезде суы мол Сырдария мен Қашқандарияөзендерінің жағасына келіп тоқтаған. Қашқандарияға Барлас руының бірнеше атасығана келіп қоныс тепкен. Осы өзеннің алқабына орналасқан Шахрисябз қыстағындадүниеге келген.
Даланың баласы болғандықтан ат құлағында ойнап өскен. Даладағы қыратты, ойпатты, сайларды соғысқа қалай пайдалануды өте тамаша білген. Сонда, Темірлан қай елдің ұланы? Қазіргі өзбек ағайындарымыз өз мемлекетінің аумағында туған қай халықтың баласы дарынды тұлға болса, ол өзбек дейді. Бірақ, Темірлан туралы қателесуге болмас. Тіпті, сол мемлекетте тұрған басқа этностардың көпшілігін өзбек қылып жаздырып, өздеріне сіңіріп әкетті. Жалпы, өзбек ағайындар қалалық халықтар, отырықшы ел. Ерте заманнан сауда-саттықпен, бау-бақша өсірумен айналысқан жұрт. Әлімұлынан шыққан Жалаңтөс батырда Самарқандты қырық жыл билеген емес пе?. Оны да өзбек,- деп қаншама жыл айтысып-тартысып ақыры түбі қазақ, руы Әлімұлы болғаны анықталған соң жайына қалдырды. Кешегі Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов секілді. Түптеп келгенде, атақты Темірланда Найман тайпасының Барлас руынан шыққан азамат. Сонда, император Темірланды қай елдің баласы дейміз?! Егер түсінсеңіздер, қыпшақ жұртынан шыққан қазақ тумасы. Бұған ешқандай шүбә келтіруге болмайды. әрине, Түркі жұртынан шыққан хардарда, сұлтандарда, батырларда көп болған. Дегенменде, Темірланды көшпелі елдің адамы деп түсінуіміз керек және солай да.
БейсенғазыҰлықбек.
ҚазақстанЖурналистер Одағының мүшесі