БІЗ ЖАСЫЛ ПАРТИЯНЫ ҚҰРУҒА КІРІСТІК!

Құрметті достар!
2017 жылы сәуір айында «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы I Халықаралық экологиялық Конгресс өткізді. Еліміздің әр өңірінен келген экология жанашырлары табиғат жағдайы нашарлап бара жатқанын айтып, жан айқайын жеткізді. Үкіметке 2018 жылды экология жылы деп атауды ұсындық. Біз Үкімет мүшелерімен кездестік, олар біздің жобаларды құптаған сияқты болып еді. Бірақ кейінен олар ұмытыпта кетті.

Әрбір екінші қазақстандық экологиялық аxуал салдарынан әр түрлі ауруларға шалдыққан, сонымен қатар, бәрімізде де xимиялық өнімдерді пайдаланғанда аллергия белгілері кездеседі. Қалалық жерлерде ауаның бұзылғаны соншалықты, тіпті кейбір қалаларда жас ұзақтығы төмендеп кетті. Жануарлар әлемін қадағалау түгілі, жабайы аңшылық дамып, егерлерімізге дейін өліп жатқаны да мәлім.

Соңғы жылдары біздің экологиялық альянс мемлекетке ондаған жобалар ұсынды, бірақ мемлекеттік мекемелер олардың біреуін де назарына алғансып, бірақ іске асыру кезінде аулақтана бастады. Енді кезекте олармен тек саяси кеңістікте жұмыс жасау керек. Сол себепті біз Жасыл партияны құруға кірістік. Ендігі кезекте бізбен бірге болашақ ұрпақтың жарқын өмірі үшін экологиялық жағдайды түзетуге үлес қосатын белсенділер қажет. Жақын арада ұйымдастыру комитетін ренистрациядан өткіземіз. Әр аймақтан біздің қатарымызға қосылуға ниет білдіріп, ел болашағына қызмет етемін деген азаматтарды біз әрдайым қабылдауға дайынбыз, ағайын!!

Азаматхан Әміртай