
Батыл хан (Бату) 1235-36 жылдары Шыңғыс ханның тағына отырған Үгедейдің бұйрығымен, Батысқа жорықты бастауды нақты қолға алған еді. Кезіндегі Жолшының ұлы (Жошы) Батыл Алакөлдің бойындағы қонысына өзінің бүкіл Дешті Қыпшақ жеріндегі әскерін жинауды (қазіргі қазақ даласы) және Шағатай ұлысының да қалың сарбаздарын (Шағатай жасы үлкен болса да, шапшаңдығы мен межеге алған мақсатын түпкілікті орындамайынша тынбайтын іскерлігінен және оның қатал ызғарынан іштей сескенетін) осы араға шақырып, тізе қосуға жаушыларын жіберді.