Биліктен кеткеніңе өкінбе, сен?!

Қырғыз жұрты тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері төрт президент айырбастапты. Қазіргі ел тізгіні бесінші президенттің яғни Сооронбай Жээнбековтың қолында. Негізі Роза Отынбаева (2010 ж 3 шілде. – 2011ж. 1 желтоқсан) өтпелі кезең президенті. Есепке көп алына бермейді. Алғашқы екі президент Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев елде болған түрлі-түсті төңкерістің кесірінен биліктен тайдырылғандар. Ал, Алмазбек Атамбаев мерзімі біткен соң, орнын босатты. Қолында билік болып тұрса да, Конститутцияға өзгерістер енгізіп, тақта отыра беруге талпынбады. Әйтпесе, мүмкіндігі бар еді. Дегенмен қырғыз билігінің азды-көпті дәмін татқан Асқар Ақаевтың да, Құрманбек Бакиевтың да, Алмазбек Атамбаевтың да өзекжарды өкініштері бар екен. Басқасын былай қойғанда, өзіне мұрагер таңдау жағынан.

Асқар Ақаев (президенттік уақыты 1990-2005 жылдар)
«Құрманбек Бакиевты Үкімет басы ретінде билікке тартуым менің үлкен қателігім. 2005 және 2010 жылдары елде болған дүрбелеңдер соның көрінісі».

Құрманбек Бакиев (президенттік уақыты 2005- 2010 жылдар)
«Өмірде ең үлкен жасаған қателігім Алмазбек Атамбаевты жұмысқа алғаным».

Алмазбек Атамбаев (президенттік уақыты 2011-2017 жылдар)
«Мені соңғы бір жылда толғандырып жүрген нәрсе ол – Сооронбай Жээнбековты қолдап, билікке әкелуім. Бұл қателік еді».

Әрине адам болған соң, өкініш бола береді. Алайда, биліктің басында отырған, мемлекетті басқарған адамдардың өкініші өзгерек болатын сияқты ма, қалай?