БИЛІК ХАЛЫҚҚА БЕТ БҰРУЫ ТИІС!

(30 МАУСЫМ КҮНІ МИТИНККЕ ШЫҒУҒА РҰҚСАТ СҰРАДЫҚ)

Еліміз жаңа президентін сайлады һәм жаңа дәуірге аяқ басты. Бұл кезең бұрынғыдан өзгерек болатыны белгілі. Билік теріс қарамай, жамағаттың сөзін жүре тыңдамай, енді бетін халыққа бұруы тиіс! Бұл басты мәселе екенін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мойындады. Күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер жөнінде елдің шырқын бұзатын басбұзар шерулерсіз, диалог арқылы шешуге болатынын ескертті. Қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс істеу керектігін түсінді. Сондай-ақ рұхсат етілген митинглер жасауға қарсы емес екенін, осы мәселе жөнінде арнайы заң қабылданатынында тілге тиек етті. Сөз жоқ құптарлық тірлік. Халық қашанда заңды түрде келісілген шерулерге шығып, көкейіндегісін билікке жеткізуі тиіс. Бұл әлемдік тәжірибе. Бір мысал. Міне бірнеше күн болды Гонконг көшелеріне миллиондаған адам шығып, Қытай билігіне өз талаптарын қоюда. Ешқандай бүліксіз, бейбіт түрде. Үлгі алуға тұралық жайт. Бізгеде керегі осы. Осы себепті, Президенттің айтқанын бетке ұстай отырып, біз 30 маусым күні елордамызда бейбіт митинг өткзуді жөн көріп отырмыз. Онда көтерілетін мәселе, әлеуметтік жағдай, халықтың тұрмысы, көп балалы отбасылардың тағдыры, жемқорлықпен күрес, экология, несие пайыздарын төмендету, жастарды біліммен жұмыспен қамтамассыз ету, орта және шағын кәсіпкерлікке кедергісіз, кеңінен жол ашу т,б. Халық бейбіт митингге шыға отырып, шешімін таппай қордаланып қалған өзекті мәселелерді, арыз-арманын айтуы тиіс. Мұны билік тыңдары хақ. Өйткені жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі осындай бейбіт шерулерге қарсылық болмайды деп отыр. Жырау бабамыз Дулат «Би мен бектің сәні жоқ: елін қорғай алмаса, тура жолға салмаса, ыстығына күймесе, суығына тоңбаса» демеп пе еді. Биліктің халқты тыңдайтын нақты санасатын кезі келді. Қысқасы, біз осындай бейбіт митинглер арқылы билік пен халық арасында көпір орнатуды жөн деп шештік. Бұған Үкімет түсіністікпен қарайды деген ойдамыз. Осы орайда 30 маусым күні митинг өткізу жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Күлгинов Алтай Сейдірұлына өтініш жаздық. Мұны жаңа әкім қалай қабылдайды? Әзірге белгісіз. Дегенмен рұқсат береді деген үміттеміз. Өйткені қазіргі елдегі жағдай осыны талап етеді. Егер билік халықпен екі ортада диалог міндетті түрде керек десе, біздің өтінішімізді қанағаттандырады деп ойлаймын.

Азаматхан АмиртайЭкологический альянс «Байтақ болашақ»