БІЛІКТІ БАСШЫ АУЫР ТҮЙІНДІ БІР КҮНДЕ ШЕШЕР

Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті қызметін атқара бастаған кезінен біліктілігін дәлелдеген оның тарапынан жасалған үш жақсы істі байқап үлгердім:

1. Макроэкономиканы білетініне және түсінетініне көзім жетті. Себебі ол экономикалық жағынан елімізге тиімсіз жобаларды бірден тоқтатты. Мысалы Астана ЛРТ мен Көкжайлау шаңғы тебу курортының мәселесін қолға алды. Қаржы министріне бюджеттік шығындардан елге қажет емес жобаларды алып тастап, бағаны асыра көрсетпей, азайтып, жетілдір деген тапсырма берді.

2. Нағыз ұлтжанды адам екен. Әкімдерді әлеуметтік желі арқылы xалықпен ашық жұмыс істеуге шақырды. Демек бұл xалықпен кері байланыс орната алады деген сөз. Қазақстан үшін негізгі тіл қазақ тілі болу керектігін баса айтты. Білім беру жүйесін де реттей алады деген сенімдемін.

3. Әлемдік тенденцияға ілесе алады. Әсіресе табиғатты қорғау еліміздегі маңызды мәселе екенін де жіті түсінді. Қаламқастағы өртті тоқтатуы мен Көкжайлау жобасының уақытын шегеруі – осыған дәлел.

Тұлғаның жазған кітаптарынан, ойлаған ойынан және жасаған іс-әрекетінен болашақта жасайтын жоспарларын да болжауға болады. Кейбір кезде біз ұлтжанды азаматтар тек қазақ тілінде ғана сөйлейтіндер деген жансақ пікір айтып, қателесіп жатамыз. Жоқ, олай емес. 70 жыл Кеңестік Одақта тұрдық, ол кезде басымдылық орыс тілі болды. Ғылыммен, мемлекеттік іспен айналысу үшін орыс тілді білу қажет еді. Сол кездегі тәжірбиелі, білікті мамандарды елдің өркендеуіне пайдалануымыз қажет. Еліне пайда әкелетін адам – нағыз көзі ашық ұлтжанды азамат. Ал ол, біріншіден, надан, сауатсыз болмауы қажет. Білім мен ғылым қараңғы түнді жарық қылатынын ұмытпайық. Надандықты жеңетін тек осы – білім!!!

Мен біздің елдің Президенті білімді болғанын қалаймын.

Азаматхан Амиртай