БІЗ БҰЛ САЙЛАУҒА ЕМЕС, АЛДАҒЫ САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАУМЫЗ ҚАЖЕТ

Әлеуметік желілерге алдағы президенттік сайлауға байланысты жазған бірнеше жазбама (қазақша, орысша) көптеген пікірлер айтылды. Тіпті менімен келіспейтіндіктерін айтып жатқандарда көп. Әрине әркімнің еркі өзінде. Мен бұл ойға оңды, солды зерттей келе жеттім. Бізге еліміздің тыныштығы, жеріміздің бүтіндігі керек. Мемлекетті отыз жылға тақау басқарған Елбасының еңбегін жоққа шығарып, қазіргі президент Тоқаевтың қолынан түк келмейтін «қуыршақ» деп жатқандарда бар. Қате пікір. Бүгінгі елдегі тыныштық, шекрамыздың шегенделуі, экономикамызда азда болса ілгерілеу бар екендігі, ұлттармен ұлыстардың ынытымақта отыруы, Әлемнің Қазақстан деген мемлекет бар екенін тануы, көрші-қолаңмен тату болуымыз, бәрі сол мемлекеттік саясаттың арқасы. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.

Елімізге тәуелсіздік алғалы бері 300 миллиард долларға жуық инвестиция тартылды. Ол далаға кеткен жоқ. Қаншама зауыт-фабрикалар, кәсіпорындар салынды. Жолдар төселді. Қаншама адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік дұрыс жолға қойылды. Кәсіпкер ретінде мұны жақсы білемін. Әрине үлкен қаржыны қажет ететін басы артық тиімсіз жобаларда болды. Олигарxтар, банкирлер ұрлады, жоқ қылды. Кейбір шенеуліктер жемқорлыққа салынды, былғанды. Оны жоққа шығармаймын. Бірақ бастысы Қазақстан және оның басшысы Ұлттық жолдан тайқыған жоқ. Тіл мәселесіде шетін қалған жоқ. Дамып келеді. Қазір елде ұлтымыздың өзге ұлт өкілдерімен салыстырғанда ара салмағы 70 пайыздың көлемінде. Демек бұл көп ұзамай елімізде тіл мәселесі өзінен-өзі шешіледі деген сөз. Ана тіліміздің мәртебесі асқақтап, мейманасы тасыр күн алыс емес. Мен бұған сенемін. Сондықтан тәуелсіздік алғалы бері елімізде түк істелмеді деген жай лақап. Өз еліне қарсы дұшпанның сөзі. Салыстырмалы түрде алатын болсақ біз әлемнің көптеген мемлекеттерінен озық тұрғанымыз анық. Жұмыс істеген адамның ішкені алдында, ішпегені артында. Тыныштық бар ма, бар. Береке-бірлік бар ма, бар. Тек басың істесе, жұмыс істе, кәсіпкерлікпен айналыс, қаржы тап. Жақсы өмір сүр. Ешкім бөгет емес. Тек қызыл сөзден қуырдақ қуырып, бостан-бос үйде жатпа.

Ал алдағы сайлауға келетін болсақ, мен өз көзқарасымды ашық жаздым. Иә, мен Тоқаев мырзаны қолдаймын. Ол менің жеке құқым. Дәл Тоқаевтай біліктілік өзге үміткерлерде жоқ. Маған ренжімес. Елдегі бүгінгі тыныштық, ынмақ-бірлікті тек Тоқаев қана сақтап қала алады деп ойлаймын. Егерде Тоқаевтың орнына әсіре ұлтшыл, «бар жақсылық тек қазаққа» деген біреу келсінші, ертең жағдайымыз не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. Бүгінгі күнімізге зар болып қаламыз. Сол келген адам өзге тілдерді ысырып тастап, тек қазақ тілін ғана көтерсін, ертең-ақ Ресей Қазақстандағы орыс-қандастармыздың құқын қорғаймыз деп еліміздің солтүстік аймақтарын, шығыстың біраз жерін бауырына басып алары анық. Мұны Украинада орын алған жағдайдың астарына көз жүгіртсек түсінеміз. Сол секілді Қытайға қарсы шығуғада қауқарсызбыз. Оңтүстікте басын көтеріп келе жатқан өзібекпенде тайталаса алуымыз екіталай.

Сондықтан бізге, әзірге елдегі барлық ұлт-ұлыстардың да, айналадағы көршілердің де тілін таба білетін, солай істей отырып, қазақ мүддесін жүргізе алатын басшы керек-ақ.
Мен үшін Қасым-Жомарт Тоқаев сондай білікті бірегей азамат. Біз әбден күшейіп алғанша сан тармақты саясат ұстауға мәжбүрміз. Ал аяғымыздан тік тұрып алған соң ғана, өзгелерге өз үкімімізді өткізе аламыз. Оған дейін бізге мықты дипломат бола тұрғанымыз жөн. Мен алдағы жазбаларымда осы жөнінде жазған едім. Бірақ көптеген адам «биліктің жағымпазысың, бір нәрсе дәм етіп жүрсің» деп сөгіп, жамандап жатыр. Жоқ. Мен ешкімге жағымпазданатын адам емеспін. Құдайға шүкір. Не тапсамда адал еңбегіммен таптым. Биліктен дәм ететінде ештеңем жоқ. Керісінше талай мәрте Ұлттық компанияларды басқаруға, әкімдікке, министірлікке шақыру алған жанмын. Бірақ ешқайсына бармадым. Төбеден қарап отырған біреудің қол астында, соның айтқанымен жүргім келмеді. Еркіндікке ештеңе жетпесін білемін. Кәсібім бар. Қазір қоршаған ортаны сауықтырумен яғни экологиямен айналысып жүрмін. Бұл үшін маған ешкім бір тиын беріп жатқан жоқ. Керісінше бәрін өз қалтамнан шығарып отырмын. Шындық осы.

Мені Тоқаевты емес, Қосановты неге қолдамайсың деп сөгетіндер көп. Тоқаевты неге қолдайтынымды жоғарыда айттым. Қосановқа келсек оның менсізде қолдаушылары бар деп ойлаймын. Бірақ Әміржанға көп ішім жыли қоймайды. Ол шын ниетімен халық атынан шығып отыр дегенге сене бермеймін. БӘЗ БІР АДАМДАР президенттікке өзі түсе алмаған соң, амалсыз Қосановты үкілеп сайлауға қосып отыр. Яғни Қосанов ҮЛКЕН ЖОБАДАҒЫ «ойыншы». Ал «ойыншылар» халықтың қамын жейді дегенге өз басым сенбейді.

Рас, билікке жастар келгенін жұрт қалайды. Қазіргі биліктегілердің еш уақытта орындалмайтын «тәтті» сөздерінен халық жалықты. Шаршады. Жас буын, жастардың билікке келгенін менде қалаймын. Бірақ алдағы сайлауда бұл орындалмас арман. Егерде елге жаңа серпін әкелсін десек, бізге келесі сайлауға осы бастан дайындық жүргізе беруіміз қажет. Ұлт көсеміне айналар білімді, білікті жастар жоқ емес. Баршылық. Солар қазірден бастап ел алдына шығып, айтқанына елді ұйытып, артынан ерте білгені ләзім. Біз бұл сайлауға емес, алдағы сайлауға дайындық бастауымыз аса қажет. Айтқым келгені осы. Аман болайық, ағайын!

Азаматхан Амиртай «Байтақ-Болашақ» экологиялық бірлестіктің төрағасы