
Кеңестік империяның шаңырағын шайқалтқан,тәуелсіздіктің қарылғашы болған 86- шы жылғыЖелтоқсан көтерілісіне менің қатысқанымды, талайигі жақсылар бұғып қалғанда, ұлтымның жыртысынжыртып, үндемей, құсыққа тұншыққан ез болып өлгенше, шындықты айқайлап айтып өлгенім артықдеген оймен алқалы топ жиылған ортада болғаноқиғаға байланысты өз пікірімді ашық айтқанымдынеге көрмейді, неге айтпайды?! Маған да сол тұста, жел диірменмен жалғыз алысқан Дон Кихоттайболмай, өзгелер секілді бұғып қалуыма болар еді ғой. Жоқ, олай ете алмадым. Жігерімді жаныған намыс, қанымда тулаған бабалар рухы үнсіз қалдыраалмады. Атой салды. Нақтылап айтар болсақ, алаңдаболдық. Солдат сойылынан таяқ та жедік, басыма тас та тиді. Қабақ жарылып, қан саулап жүрсе де, алаңды тастап кете алмадым. «Қазақтың өрімдей қыз-жігіттері сойылға жылғылмасыншы, қанға бөкпесінші» деген көкіректе ой тұрды. Әрине,оқиғаның осыншалықты өріс алып, арты жанжалғаәкеліп соқтырарын ешкім бағамдамаған еді. Көргентүстей қым-қиғаш көрініс. Ол кезде қазіргі ҒабитМүсірепов атындағы Жастар және балалартеатрының актерімін. Содан сол он алтыншыжелтоқсан күні менің үстімнен «Бала-шағасын қазақша тәрбиелейді. Ұлтшыл» деген арыз түсіпті. КГБ-дан екі адам театрға келген. Сұрастырған. Дерекжинаған. Он тоғызы күні бәрімізді ЖазушыларОдағына жинады. Ол жерде кім жоқ дейсің. Мүйізіқарағайдай талай ағаларымыз сонда отыр. Солортада «жастар дұрыс істемеді, бәріне кінәлі солар» деген сықпыттағы әңгіменің тиегі ағытылып берсін. Бізге орын да тимеді. Арт жақта булығып тұрмыз. «Сөз бер» деп қайта-қайта қолымды көтеремін. Бірақеліп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. Бір уақытта сөйлеудің реті келді-ау. Халықтың алдына шығуғамүмкіндік болмады. Сол тұрған орнымда сөйледім. Жалпы мен көңілі бос адамдардың қатарынажатпаймын. Бірақ сол сәтте көзіме жас, өңешіме өксік тірелді. Булығып қалдым. Сонда да ышқынып,айқайлап тұрып іштегі запыранды сыртқашығардым. «Мұндай жағдайды бұрындары теледидардан көріп, радиодан естуші едік. Ендіменің елімде, менің жерімде осындай оқиға болып жатыр. Жан айқайын сыртқа шығарған жастардыұрып-соғып, үстіне суық су құю не масқара? Жастар ұлт мүддесі үшін алаңға шықты емес пе? Неге оларғаара түсудің орнына жарға итеріп, бұзақылар,ішкіштер деп жатырсыздар. Солардың арасындабіреуіңіздің ұлыңыз, біреуіңіздің қызыңыз, туыс,жора-жолдастарыңыз болды емес пе? Неге топырақшашасыңдар. Неге, неге?» Жұрт тым-тырыс болыпқалды. Кейбіреулері үрке, кейбіреулері «бала дәм-тұзың таусылды ғой, біттің енді» деген аяушылықпен қарады. Маңайымда тұрған біраз адамқол соқты. Дәл сол кезде алда отырғандардың ішіненбіреу тұрды. Иықты ірі адам екен. Түрін көреалмадым. Маңайындағы біреуден менің аты-жөнімді сұрағандай болды-ау деймін. Сосын: «Досқанғадейін сөйлеген сөздерің, одан кейін сөйлейтін сөздерің сөз емес» деп қолындағы таяғын жерге атыпұрды. Жарықтық, бұл Хамаң – Хамит Ерғалиевағамыз екен. Жиналыс бітті. Алдымен РозаБағланова апамыз келіп, «дұрыс айтпадың, олайсөйлемеу керек еді» деп сәл ренішін білдірді. Олжасағамыз келіп, үндемей қолымды қысып кетті. Біразкісі арқамнан қақты. Кейбір танысым көрсе декөрмеген болып бұрылып кетіп жатты. Бұнысы енді «пәледен машайық қашыптының» керісі ғой. Үркектік, ынжықтық, қорқақтық. Бұдан басқа теңеужоқ, оларға. Дәл сол жерде өзімді спектакльде бастырөлді сомдап шыққан актердей сезіндім. Жеңілдепқалдым. Сол жерде тағы да адамдарды бөліп,мекемелерге, оқу орындарына үгіт-насихат жүргізуүшін жібере бастады. Олжас Сүлейменовті, РозаБағланованы және мені КазГУ-ге жіберді. Студенттермен кездестік. Ол жерде де аянып қалғанжоқпын. Олжас «Ақ пен қара» деген поэмасыноқыды, Роза апамыз жастарды тағыда жерден алып,жерге салып, қателіктерін айтты. Қара сөзбен іштегі запыранды тағы сыртқа түйдек-түйдегіменақтардым. Студенттер мен сөйлеген кезде қол соғып, жер тепкілеп ризалықтарын білдіріп жатты. Тілдей-тілдей қағазға тілектерін жазып, жіберіп жатыр. «Аға сіз Махамбетсіз, сіз Кенесарысыз, сізді қолдаймыз, жақтаймыз» деген жазбалар. Өкінішке орай,солардың бірінде сақтай алмадым. Осындайоқиғалар басымыздан өтті. Мұны ешкім білмейді. «Сіз Желтоқсанда болыпсыз ғой, осындай сөзайтыпсыз ғой» деген бір қазақты әлі көргенім жоқ.Бұл менің өз ұлтымды шексіз, риясыз сүйетінімніңбір көрінісі емес пе?
Көптеген жазушы-ақындарымыз, жылымықорнаған соң, былай деп жазды: «Біз Жазушылар Одағының ішінде тұрдық. Есік–терезенің бәрі жабықеді. Сыртқа шығармады. Терезеден қарап, көзімізденсора ағып, жылап тұрдық. Жастарға қосылуға жолбермеді» деп. Далбаса! Бәрі далбаса! Армиядаболсаң білерсің, Дзот деген бар. Ішіне пулеметтұрады. Жауға қаратып жасалған дүние ғой.Былайша айтқанда амбразура дейді. Сол жазғыштар сыртта пулеметтің тұрғанын біледі. Оққа ұшам бадеп қорықты. Бір тізімге кіріп қуғын-сүргінге ілініп кетем бе, майлы дастарханнан қағылып қалам ба,ертеңгі күнім не болады, деген үрей, қорқақтықтұрды, олардың ойында. Басқа ештеңе жоқ. Кейіненмамыражай тірлік орнаған соң, амбразураданпулемет жоғын білген соң, бәрі батыр болып шыға келді. Оңды-солды жазды келіп, жақша ішіндегі батырлықтарын, ерліктерін, өй дегенін-бүйдегендерін айтып, өтірікті шындай соқты. Былайғыжұрт қайдан білсін, олардың дәл сол ұлт басына қарабұл үйірілгенде қоңыз теріп кете жаздағандарын. Содан Желтоқсан оқиғасынан кейін бір аз күнен соң,сырқаттанып ауруханаға түстім. Сол кезде түнортасында келіп Серік Абасшах деген журналистсұхбат алды. Ол өзі де сол желтоқсанныңмықтыларының бірі. Менің көтеріліскеқатысқанымды, сөйлеген сөзімді естіп іздеп келіптүн ортасында сұхбат алып кетті. Бірақ оныпайдалана алды ма, жоқ па, білмеймін. Басымдаосындай оқиғалар өтті. Сондықтан менің өкінетінім, мына қазақ халық деген ұғымға қашан жетеді? Өйткені жаңағыдай оқыс әрекеттің барлығытобырдың ісі. Тобыр дейін десем, қазақ өзімдікі. Асқар Сүлейменов ағамыз, бір ортада отырып айтыпты: «Абай ескіре ме?» деп. Сонда отырғандар шу етіп, «Құдай сақтасын, қазақ тірі тұрғанда Абайескірмейді» дескен ғой. Сонда Асекең, «Менқазақтың есі кіріп, келесі Абайды туғызып, олИбрагим Абайдан да жоғары тұрғанын армандар едім» деген ғой. Мұнда үлкен ой жатыр. Түйсігі кемқазақ «әй не деп тұрсың, Абай неге ескіруі керек»деп шала бүлінер еді. Түсінген жанға, Асекең, Абайды айтқан болып, исі қазақтың есі кіргенінқалап тұр емес пе? Сол арман менде де бар. Кейдеқиын түйінді шешер кезде қазағым бұрыс кетіпжатады, не болмаса дарақылық танытып жатады. Біреуге күйе жаға салу, я болмаса қолдан батыр жасау түк болмай қалды. Осындай қитұрқы, ұсақ тірлік, бақай есеп мені де өкінтеді.
– Әбіш Кекілбаев ағамыздың «Абылайхан» пьесасында жауды жеңген халық Абылайханнан сұрайды: «Ендігі жау қайда? Кімге соғыс жариялаймыз?» деп. Сонда Абылайхан: «енді ішкі жаумен шайқасамыз», дейтіні бар. Онысыәрине надандықпен, енжарлықпен, немқұрайлықпен, екіжүзділікпен, арсыздықпен, жауапкерсіздікпен, қорқақтықпен күресу-ау…
Әңгімелескен Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ