Ел экологиясы басты мәселелердің бірі!

 Кеше Елордада өткен  Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев  еліміздегі  басты  мәселелердің  бірі ретінде экология  тақырыбын   қозғап  өтті. «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе.    Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет.   Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек. Келесі өзекті мәселе – халықты сумен қамтамасыз ету.Таза ауыз су әрбір үйде, әрбір отбасында болуы міндет»  деді  ол. Біздің  де  біраздан  бері  айтып  жүргеніміз  осы еді.  Рас,  қоршаған  ортаны  қорғап  қалу  үшін,  экологиялық  саясат  қажет. Заманауи  экологиялық  кодексті шұғыл  түрде  қабылдау,  адам  қолымен  жасалған  залалдардан  әбден  тоза бастаған  табиғатымызды  қорғап  қалатын бірден  бір  құрал  болмақ. Біз  әр жазбамызда  осы  мәселені  көтеріп келген едік. Міне  олда  президенттің  құлағына  жетіп,  үлкен  мінберден  ел экологиясын  қорғау  қажеттігін және  ол  басты  мәселелердің  бірі екенін айтты. Бұл  да  біздің  бір  жеңісіміз. Жақында  ғана  біз  яғни «Байтақ-Болашақ» экологиялық  альянсы  еліміздегі  су  мәселесіне  байланысты арнайы  Конгрес  өткізген  едік. Дәл  осы   ауыз  су  мәселесін Қасым-Жомарт  Тоқаевта   тілге  тиек етті. Демек  біздің  айтқандарымыз президенттің құлағына  шалынып  жатыр  деген  сөз. Біз  бұған  дейінде  Қасым-Жомарт  Тоқаевты,  оның жүргізіп  жатқан саясатын қолдайтынымызды  білдіргенбіз. Әлі  де  солай. Әсіресе экология  мәселесінде алдағы  уақытта, қолдан келгенше үлкен  қолдау  көресете бермекпіз!

Азаматхан ӘМІРТАЙ  «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының  төрағасы