Елдің қамын ер ойлар

Әр ұлтта қорғансаң қалқан, сілтесең сойыл  болар бір  туар ұлдар  бар. Ондай азаматтар исі  қазақтада  жеткілікті. Елге  сүйеу  болар нар  тұлғалар  кеше де  болды,  бүгінде  бар,  ертеңде  болатыны    анық.  Ол  даусыз ақиқат.

Ал,  бүгінгі күннің кезімен сөйлейтін  болсақ, қазіргі қиын кезде яғни тәжтажал  індеті  өршіп, халық үрейге  батып тұрған  шақта, елдің  алдына  түсіп,  қол  үшін  беріп жатқан азаматтар жетерлік. Соның  бірі қоғам  белсендісі, кәсіпкер,  іскер азамат,  «Байтақ-Болашақ»  экологиялық альянсының   төрағасы Азаматхан Әміртай  мырза. Бұған дейін, экология  мәселесін  көтеріп, қоршаған  ортаның амандығы  үшін шапқылап  жүрген азамат, қазіргі  қиын  кезде де қол  қусырып қарап отырған  жоқ. Әлемнің  ашпынысын  қуырған  Коронавирус  індеті  елімізде  бой  көтіріп, президент төтенше жағдай жариялаған  тұста, бірінші  болып  үндеу  тастап, карантинде  үйінде  қамалып, қинала  бастаған жұртқа  көмек  берейік  деп, елдегі  бай-бағландар,  миллионер,  миллиардерлерге  сауын айтып, қаржы  бөлулерін, азық-түлікпен  көмектесулерін сұрады. Ол  бұл  үндеуін  әлеуметтік  желілер арқылы  таратты. Телеарналарда  сөйледі.   Тек  үндеу  тастап  қана  қойған  жоқ,  өзгеге  үлгі  болсын  деп,  Нұр-Сұлтанмен Алматыда тұрмысы төмен жүздеген отбасыға  азық-түлік таратты. Міне,  азаматтың  азаматтығы. Үндеу түрткі  болды  ма, осыдан кейін-ақ қалталылар халыққа  қол  үшін бере бастады. Оның  үндеуіне  тек  ақшалылар  ғана үн  қосқан жоқ, билікте қозғалысқа  көшті. Президент  Қасым – Жомарт  Тоқаев  халыққа  үндеу  жасап,  мемлекет тарапынан  көмек  болатынын  жеткізді, ал, Нұрсұлтан Назарбаев  арнайы  қор  құрып, бай-манаптарға сауын айтты. «Нұр-Отанда» қарап қалмай, қорға  жиналған  қаржы  есебінен  тұрмысы төмен отбасылармен көмек  беруді бастады. Қалай  айтсақта,  бұл  қоғам белсендісі, халықтың қамын  жеп жүрген, бірігей жан Азаматхан  Әміртайдың  жеңісі. Егерде  ол  суырылып  алға  шығып, үндеу  тастап, індеттің  құрсауында қалған  халыққа көмек берейік демегенде жағдай  қалай  болар  еді? Қазір билікте, қозғалысқа  көшті. Өйткені елдің  ертеңін  бүгін ойламаса,  ертең бәрі кеш  боларын  ұқты. Себебі халықтың  аман-саулығы  меммелкеттің   болашағы, байлығы  екені  белгілі.  Әрине,  Азаматхан  тек  үндеумен,  халыққа  көмек берімен  ғана  шектеліп  қалған  жоқ. Әрдайым  қоғамның  ең белсенді азаматы екенін таныта білді. Мынадай  қиын-қыстау кезде,  армияның  тек бақылаушы  ретінде сырттан  қарап отырғанын  қаламайтынын, халықпен бірге  болуын,  көмек беруі керектігі жөнінде ой  қозғады.  Әлеуметтік  желілерде айтты. Сондай-ақ,  қорға  жиналған  қаржы тістегеннің аузында, ұстағанның  қолында кетпей,  халыққа  толықтай  жету  үшін тек  «Нұр Отанның»  ғана емес, үкіметтік емес ұйымдармен қоғам белсенділерініңде  бақылауында  болуы керектігін  жеріне  жеткізе айтты. Қысқасы, қазір Азаматханның   үндеуінен кейін тек  билік  қана емес, жекелеген  кәсіпкерлерде  халыққа қолдарынан келгенше  көмек  беруді  бастап кетті.  Әрине халықтың шаужайынан алып,  үрей  төндірген  бұл індетте  өтеді,  кетеді. Халық  қалады. Ал,  халықтың есінде  дер кезінде елі  үшін елеулі  тірлік  жасаған,  Азаматхан  Әміртайдай  азамат қалатыны анық.

  Жолдасбек  Дуанабай