«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЛЬЯНС» РҚБ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР РЕТІНДЕ АЗАМАТХАН ӘМІРТАЙДЫ ҰСЫНАДЫ

«Мен  жастарға  сенемін»  деп  еді кезінде алаштың арда азаматы Мағжан.  Рас,  жастар  жүрген  жер  қашанда  жаңа  бастама,  жаңаша көзқарас,  жаңаша  ой.  Бұған  бүгінгі  жастардың  заманауи  білімін,  жаңа  технологияны   жетік  меңгерген  біліктілігін  қосыңыз. Демек жастарға сенім  артуға  болады. Алда президент  сайлауы. Бүгінгі  күні  халық,  биліктегі   тың  ойы жоқ,  елді  жаңа  белеске көтерер қабілеті  жоқ,  «көз  сүйелге»  айналғандардан    шаршаған. Сондықтан  елге  елдің  тұтқасын  ұстайтын  жаңа  тұлға  керек. Осы  орайда «Байтақ-Болашақ»  экологиялық  бірлестігі  табиғат жанашыры,  қоғам белсендісі, кәсіпкер,  меценат, экономист  АЗАМАТХАН ӘМІРТАЙДЫ  ҚР Президенттігіне  үміткер  ретінде  ұсынып  отыр. ЕЛІМ,  ЖЕРІМ,  ҰЛТЫМ  деп жүрген  азаматты  қолдайық,  ағайын!

tazael.kz