Көшбасшы болалмай кеткен «Көсем» немесе Георгий Маленков туралы

  Өз уақытында Кеңестер Одағында Ленин мен Сталиннан кейінгі «Үшінші көсем» атанған Георгий Маленков туралы біздің қазақ оқырмандары аса көп және терең білмеуі тиіс. Тіпті, білседе мардымсыз шет жағасын ғана естуі мүмкін.

ҚСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы (1953 – 1955 жылдар), Социолистік Еңбек Ері, Ленин орденінің үш мәрте иегері, Генирал-лейтенант, Кеңестер Одағында партиялық билет бойынша үшінші (Ленин бірінші, Сталин екінші) Георгий Максимилианович Маленков, сол кездегі Кеңестер Одағы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Никита Хрущевпен арадағы тайталастан кейін, барлық лауазымынан айырылып 1957 жылы Қазақстанға айдауға  жіберіледі.

Алғашында Өскемен жылу беру стансасында қызмет еткен ол бір жылдан кейін Екібастұздағы жылу беру жүйесіне кенеттен ауыстырылады. Дегенмен, өз заманында талай көрнекті де тағдырлы істердің жетекшісі атанған (Қазақстан мен Орталық Сібірдегі тың игеру идеясын өмірге әкелген азамат) аңыз адамның қайнаған еңбек пен күреске толы жүріп өткен жолын шамамыз келгенше қалың оқырманға түсінікті етіп, шығарма ретінде ұсынуды жөн көрдік.

Бұл жазбадағы оқиғаны да  Қазақстанның Кеңестер Одағы тұсындағы өткен тарихының бір көрінісі деп есептеуіміз керек.

Сонымен, ата-тегі орыс емес, Македондық болып келетін Георгий Маленков туралы сөзімізді жалғастырайық.

Комунистік Партияның Орталық Комитетінде істейтін әйелінің көмегімен осында нұсқаушы болып орналасқан оның (Бұл 1920 жылдың көктемі болатын) қызметі мүмкіндігінше тез өсті. Мәскеудің жоғары электротехникалық училищесін бітірген ол, жастық күшпен  өзіне берілген жауапкершілігі мол жұмысқа құлшына кірісті. Жеті жылдан кейін партиялық жұмысқа әбден шыныққан сауатты да білікті және білімді жігіт Орталық Комитеттің техникалық хатшысы болып  тағайындалады.  Есеп беру және бақылау, кадрларды білімі мен іскерлігіне байланысты қызметке орналастыру осы Георгий Максимилиановичтің қолында болды. Оның қол жеткізген мүмкіндігі соншалықты, Кеңестер Одағындағы бүкіл кадрлардың атқарып отырған қызметтерінің нәтижесі туралы ақпарат қай кезде болмасын Маленковтың тартпасынан табылатын. Партиялық жұмыста оның атқарған істері мен ұйымдастырған шаралары үнемі жоғары дәрежеде өтетін. Сондықтан ол, сол бір уақыттағы Орталық Комитеттегі таптырмас және бірегей кемелденген маман болып саналатын.

Кеңестер Одағының көсемі Иосиф Сталиннің баяндамаларын және комитеттің бүкіл хаттамаларын осы адам әрдайым  алдын ала дайындап отыратын. Және Маленковтың дайындаған бұл құжаттары өте сауатты болғандығы соншалықты, Сталиннің өзі ешуақытта өзгеріс кіргізбейтін. Бірбеткейлігі мен табандылығына,  сондай-ақ сауаттылығына жоғары билік құрмет көрсетіп, әрдайым сенім артып отыратын.

Засядькомен арадағы оқиға.

Бірде көмір өндірісі  министрінің босаған орнына бірнеше адамның кандидатурасын ұсынылып, оның біреуін таңдау керек болды. Кремльге шақырылған кандидаттардың өмірбаянын Сталиннің өзі қарап шығады. Сонан кейін қасында тұрған Георгиден, – сен өзің осы кандидаттардың қайсысы лайық  деп ойлайсын, – деп сұрады одан. Ол болса, – Иосиф Виссарионович, Засядьконың кандидатурасы дұрыс болар деп ойлаймын, бірақ…

– Айта бер деді, – көсем

– Засядько, аздап ішетін адам.  Дегенмен, өте тәжірибелі және өз жұмысына сауатты және жауапкершілігі мол  адам.

– Онда оны шақыр және сен, бір-екі шөлмек арақ алып кел,- деді Сталин. Бірнеше минуттан кейін кабинетке Засядько кіреді. Билік оны қасына шақырып отырғызып, екі бокалға толтырып грузин виносын қуяды. 200 граммдық бокалға толтырылған арақты кандидаттың алдына жылжытып, -Кәне Засядько мынаны ішіп қойайық, – дейді.  Засядько ешқандай қобалжымай, – Сіз үшін Иосиф Виссарионович, – деп алдындағыны қағып салды. Отырып біраз әңгемелескен соң, тағыда бокалдарға арақ толтырылды. Засядько шегінбей көсемнің алдында, – Сіз үшін Иосиф Виссарионович, – деп аузына арақты тағыда төнкере салды. Бірақ, кандидат масаймады. Бұдан кейін де олар біраз отырып әнгімелесті. Засядько көсемнің сұрақтарына тиянақты жауап беріп, пайдалы  да тартымды жобаларды алға тартып, өндіріс орындарының проблемаларын көтерді. Сталин үшінші рет стакандарды толтырған кезде, бұл тартынбастан, – жолдас Сталин, Засядько өз шамасын біледі,  маған әрі ішуге  болмайды, – деді кесімді түрде. Артынан Орталық Комитеттің Саяси Бюросында Засядьконы Кеңестер Одағының Көмір өндірісінің министрі етіп тағайындағанда, Сталин ақырын ғана күліп; – Засядько өз шамасын біледі, – деді қалжындап. Сол Засядько 1948 және 1955 жылдар аралығында осы қызметінде үлкен табыспен істеп, Социалистік Еңбек Ері атағын алды.

Біздің сөз етіп отырған Георгий Маленковтің сол кездегі Кеңес жүйесіне сіңірген еңбегі орасан зор. Ол көптеген дарынды кадрлардың өсуіне және олардың мемлекеттің дамуына айтарлықтай үлес қосуына сетпігін тигізді. Маленковтің ойда ұстау жадысы  керемет еді. Кеңестер Одағының түкпір-түкпірінде қызмет етіп жатқан номенклатурада тұрған адамдарды және олардың қандай да бір іскерлігін жақсы танитын. Соларды мүмкіндігінше өсіріп отыруға тырысатын. Келе-келе аумағы  зор, екі құрлықты алып жатқан мемлекетте Сталиннан кейінгі екінші тұлғаның орнына көтерілді. Бұл адамды Кеңес үкіметіндегі тұрғындардың барлығы кеңінен танитын және мінезінің ұстамдылығы  мен жұмсақтығына сонымен қатар, адамгершілігі мен азаматтығы үшін сыйлайтын. Сондай-ақ, мемлекеттегі ауыл  шаруашылығын және өңдіріс орындарын қалай дамытуды жақсы білетін.

Иосиф Сталиннің 1953 жылы қатты ауыруына байланысты, айналасындағы кадрлар қатты абыржыйді. Сол 1953 жылғы бесінші наурызда болып өткен Орталық Комитет пен КСРО Министірлер Кеңесінің және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының біріккен жиналысында, Георгий Максимилианович Маленков Лаврентий Берияның ұсынысымен КСРО Министірлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалады. Оның бірінші орынбасарлары қызметіне Берия, Молотов, Булганин және Каганович ұсынылады. Маленковтың қолында аз уақыт болса да  сол кездегі Кеңес Одағының  тұтас билігі жиналған еді. Ол Орталық Комитеттің президиумы мен Министірлер Кеңесінің төрағасы бола отырып, барлық істі шамасы келгенше демократиялық түрде басқаруға тырысты. Сол бір кезеңде Георгий Маленковтың беделі мен абыройы бұның қасында көлеңкедей еріп жүрген, берген антында тұрмайтын, екі мінезді сайқал Никита Хрущевқа қарағанда әлдеқайда жоғары еді. Егер Қорғаныс Министірі Георгий Жуков Хрущевтің өтірігіне сеніп оған  көмектеспегенде сол кездегі билікте жүргендер  біріншілікке қалайда Маленковты отырғызар еді. Министірлер Кеңесінің төрағасы болып тұрғанда Маленков ауыл шаруашылығында көптеген реформалар жүргізді. Бұл өзгерістер шаруашылықтың дұрыс жолға түсіп, үлкен табысқа жетуіне қол жеткізді. Сол кездегі тұрғындардың « Пришел Маленков – поели блинков» дейтіні осыдан. Сонымен қатар, мемлекетте салалық жұмыстардың   уақыттары  белгіленіп, адамдар өз еркінен тыс еңбектенбейтін болды.  Маленков тың көтерудің авторы және оған орасан зор күшін салған адам.  1954-1955 жылдары Қазақстанда 18 миллион гектар жер иегеріліп, одан түскен өнім бұрын- соңды болмаған көрсеткішке жетті. Сонымен қатар, коммуналдық жүйенің жұмысыда жақсарды. Тұрғын үй салу саласы алғаш рет Кеңес Одағында жаппай қолға алынды. Ауыл шаруашылығы көптеген сәтті реформалардан кейін оңға басып, жылдық табысы арта бастады. Бірақ, экономиканың дұрыс жолға қойылып, бір арнаға түсе бастауына қарамастан 1955 жылдың ақпанның тоғызында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы кеңесі Георгий Маленковты төрағалық міндетінен босатты. Осы арада біздің қоятын біраз сұрақтарымыз бар: Сталин қатты ауырып,  ес-түсін білмей жатқанда отыз сағат бойы оған ешқандай медициналық көмекті жіберткізбей  қойғандар кімдер? Аяқастынан бесінші наурыз күні Орталық Комитетке бесінші хатшы болып Н.Хрущевтың тағайындалуы қалай? Сол 1953 жылдың маусым айында Мәскеуге танк кіргізгендер кім? Осы шұғыл жағдайлардың мән-жәйі Мухиннің « Убийство Сталина и Берия» кітабында нақты деректермен жазылған. Билікке таластың не екенін өте жақсы білетін Маленковтың сол бір сәтте империалық мемлекеттің тоқсан пайыздан астам билігі өз қолында тұрғанда және айналасындағы өз жақтастарының көп екендігіне қарамастан, билікті сайқал Хрущевқа неге беріп қойғандығын түсінбейсің? Ол болса қатардағы хатшылыққа жаңа ғана келген адам болатын. Георгий Максимилиановичті қос- қолдап қолдаған қасында Молотов, Булганин, Берия және Каганович тұрғанда көшбасшылықтан неге айырылып қалғандығын беймәлім?

Мухиннің кітабін ақтарып отырып, армия басшылығындағы Жуковтың сол бір кезде неліктен Хрущевті қолдап Мәскеуге әскер мен танкты кіргізгендігі бізге енді түсінікті. Айлакер Хрущев Жуковқа оданда жоғары лауазымды (Министірлер Кеңесінің төрағасы) бермекке алдын- ала келісіп алған. Билікті күштеп тартып алу деген осы!  Қалай десекте, сол кездегі мемлекет тұрғындары, қатардағы қалың адамдар аяқастынан Хрущевтің Орталық Комитеттің бірінші хатшысы болып қалай тағайындалғанын түсінбеді! Маленков Никита Хрущевтің көптеген қаныпезер қылықтарын көріп-біліп жүріп, оны алқалы жиналыстарда неге әшкерелемегенін ұқпадық. Мүмкін бұған белгілі бір себептер кедергі болған шығар?

1957 жылдың  маусымында Орталық Комитеттің президиум жиналысында Маленков, Молотов және Каганович Хрущевті орнынан алуға табанды түрде ұсыныс білдіреді. Оларды осы жиналыста бұрыннан келе жатқан ескі большевик кадрлардың түгелі  қолдайды. Бірақ, Қорғаныс Министрі Г.Жуков пен Мемлекеттік Қауыпсіздік Комитетінің төрағасы И.Серовтың қолдауымен және қорғауымен Н.Хрущев орынында қалады. Маленков бастаған оның жақтастары түгелімен лауазымдарынан айырылды. Сол 1957 жылдың тамыз айында Георгий Маленков Қазақстанға айдауға жіберіліп, нақтырақ айтқанда Өскемен жылу беру орталығының директоры болып тағайындалады.

Осы арада аздап шегініс жасайық, бұған дейін Маленков Сталинның ауыр жағдайда жатқан кезінде, Хрущевтың және оған жақтас Игнатьевтің сыбырлауымен Иосиф Виссарионовичке дер кезінде медициналық көмек көрсетуден аналардан сескенген болатын. Артынан  Хрущев бастаған топ тағыда Лаврентий Берияға жабылған кезде де шет қалмаған еді. Кейіннен өзіне қысым жасалғанда, осының бәрін, яғни айтқанда,  Хрущевтың ұйымдастырған құпия  қанды қылмыстарын бүкіл ел алдында жайып салмақ болады. Осыдан барып сайқал Никита Сергеевичтің бұған қарсы әрекеттері басталып, ақыры бұл жетекшілік еткен топтың барлығы лауазымдарынан айырылып, биліктен лақтырылып тасталынды.  Қалай десекте, сол кездегі Кремльдегі Хрущевтан бастап оның айналасындағы кадрлардың барлығы дерлік орта білімді, тәжирибесі мүлде аз, шаруашылықтан хабары жоқ және пендешілігі көп адамдар  болатын. Араларында өз заманының жан-жақты жетілген сайыпқырандары мүлде жоқ десекте болады. Сондықтан да, сол бір тұста экономиканың қарыштап дамымай, көптеген қиыншылықтарға кездесуі де осыған байланысты. Георгий Маленков болса, сол басқару орталығындағы саусақпен санарлық жоғары білімді, өте сауатты, бірегей адам еді. Және халық шаруашылығын демократиялық түрде алға дамытудың тетігін жақсы білетін.

Өскемен және Екібастұздағы жылдары.

Өскеменнің жылу беру орталығына келгенде, бүкіл қала тұрғындары бұл кісінің суретін және ту көтеріп қонақжайлықпен қарсы алған болатын. Осыдан сескенген жоғарғы билік оны бұл арада көп тұрақтатпай, бір жылдан кейін Екібастұз қаласының жылу беру стансасына ауыстырады. Георгий Маленковтың қызы Валентина Маленкова осы бір уақытты өзінің мемуарында өте жақсы суреттеп жазған екен. Екібастұз жылу беру орталығы 1952 жылдан бастап салына бастады. Алғашында осы одақтық құрылысқа «Степлаг» лагеріндегі сотталғандар тартылды. Сонымен қатар  «Иртышуглестрой» құрылыс бригадалары  қосылды.  Бұл аты- шулы құрылысты уақыт өткізбей тез арада қосу керек болды. Сондықтан күндіз сотталғандар тер төксе, түнде құрылыс бригадасының  адамдары аянбай қызмет етті. Сотталардан біраз жылдар бұрын, атақты Александр Исаевич Солженицында осы құрылысқа қатысып, бұл одаққа мәлім құрылысты өзінің «Один день Ивана Денисовича» атты повесінде жазып, көптеген шындықты ашық көрсеткен . 1956 жылдың төртінші желтоқсаны күні бірінші турбогенератор іске қосылып, аймақтағы бүкіл  өндіріс орындарына алғашқы қуатын бере бастады. Бұл үлкен жеңіс еді. Кезінде Сталиннің айтқан атақты «Кадры решают всё» сөзі дәл осы Маленковтың Екібастұзға келгендегі іскерлік және ұйымдастыру дарынына айтылғандай. Сол бір жылдарда Одақтың түкпір-түкпірінен инженерлер мен осы саланың мамандары  Екібастұзға келіп, бұл араның жұмысымен танысып, тәжірибе жинады. Үш әріптердің күнделікті аңдуында жүрседе, Георгий Максимилианович барын салып бұл істі тез арада жандандырды десек артық айтпағандық. Ұйымдастыру қасиеті ерекше ғажайып,  мықты азамат, ұлттық аймақтағы кішігірім Екібастұз қаласының  барынша дамуына және сәулетті, сән-салтанатты болып қалыптасуына көп үлесін қосты. Бұл қаладағы қалың  көкжелектің де негізін салған да алғашқы осы азамат. Ол тек қана осындағы өндіріс орындарының  дамуына ғана күш салған жоқ, қаланың және аймақтың білім жүйесінің, сондай-ақ, мәдениетінің де өсіп – өркендеуіне айтарлықтай әсер етті. Осында техникалық институттың ашылуына негіз салып, оның сабақ беретін кадрларын Омскіден, Мәскеуден және еліміздің  басқа да қалаларынан шақыртты. Екібастұз қаласында он жылдай қызмет еткен уақытында, оның осындағы дос, жолдас болып кеткен жергілікті кадрлар мен оның  тұрғындары, бұл кісінің  істеген көптеген жақсылықтарын, сіңірген қызыметін ешуақытта ұмытпақ емес. Кейін Никита Хрущев биліктен кеткеннен кейін, бірнеше жылдан соң, 1968 жылы Мәскеуге жасырын барып келген ол, қайтып келіп, жұмыстан босанып, тура 67 жасында өзінің туып- өскен, білім алған және қызмет еткен қаласына қайтып оралады.  Мәскеуге келген соң, өзінің бұрынғы пәтерін және саяжайын қайтарып алады. Екі ұлы бүкіл елге белгілі ғылым докторлары және өз саласының білікті ғалымдары. Маленков Брежнев заманында ешкімге алаңдамай, орынықты өмір сүрді. Кейін, Горбачевтің қайта құруы басталған кезде, оның ұлдары  «Бұл қайта құруды осыдан талай жылдар бұрын істегенде дұрыс  болар еді», –  деп айтқаны жеткізеді. Георгий Маленков  биліктен Сталин кетісімен- ақ, кеңестік қоғамды демократиялық жолға түсірудің тезистерін ұсынған болатын. Дегенмен, сол кездегі солшыл күш ол идеяны іске асырмады.

Георгий Максимилианович сексен алты  жасқа келіп, әйелі Валирия Голубцовадан кейін екі жылдан соң өмірден қайтады. Іскерлігі мен азаматтығы жағынан кемел  және Евразия құрлығының айтарлықтай дамуына, сондай-ақ өркениетті заманның алғашқы баспалдағына шығуына көп күш жұмсаған айтулы азаматтың өнегелі де үлгілі өмір жолы кімді  болса да қызықтырарлықтай. Қазір Екібастұз қаласындағы мұражайда,  кезінде Кремльдегі Сталиннан кейінгі екінші тұлға болған және  Кеңестер Одағы Министірлер Кеңесі төрағасының қызыметін табысты атқарған азаматтың  көптеген естелік жәдігерлері сақталған.

Бейсенғазы Ұлықбек

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі