МЕН БИЛІКТІҢ “ҚУЫРШАҒЫ” ЕМЕС, ХАЛЫҚТЫҢ АДАЛ ҰЛЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ!

Осыдан бірер күн бұрын астанамыздың әкіміне өтініш жазып, 30 маусым күні бейбіт түрде митинг өткіземіз деген едік. Әзірге ол жақтан «рұқсат» деген хабар жоқ. Бірақ болатын шығар деген үміттеміз. Бұл жөнінде әлеуметтік желілерде жазғанбыз. Жұрт хабардар. Біздің ұсыныс жөнінде түрлі пікірлер айтып жатқандар бар. Мейлі. Кім недесе өз еркі. «Азаматхан сен тек экологияңмен ғана айналыс. Өзге салада нең бар?» , «Ауыздарың күймеген қазақ Қосановқа бір алданып,енді мына Тоқаевты жақтап жүрген Азаматханның етегінде кетіп барасыңдар ма))Мұнда бір гəп бар…», «Биліктің келісімі арқылы болғалы жатқан митинг, бұл жай ғана спектакль. Халыққа Тоқаевты әділ адам қылып, демократ қылып көрсету үшін шығар. Ертеңіне ақпарат құралдары шулап, жарыса мақтап Қазақстанда үлкен өзгерістер болып жатыр деу, Тоқаевтың арқасында» деген секілді т.б пікірлер жеткілікті. Иә, біз митинг өткізсек деп шештік. Митинг жасауға сеніммен кіріскен себебіміз саяси жағдайдың өзі мүмкіндік беріп тұрғанын біліп отырмыз. Мақасат белгілі. Осы жерде xалықтың әділдік үшін күресіп жүрген қызы Зауреш Кабылбековнаға алғыс айтқым келеді. Бірден қолдау көрсетіп, бірге ұйымдастырушы болдық. Халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу. Биліктің бетін халыққа бұру. Басқа ештеңе. Тыныш жатқан жұртты алатайдай бүлдірейік деген жаман ойымыз жоқ. Құдайға шүкр, «еліміздің экологиясын сауықтыру керек. Ол үшін экология министрлігі қажет» деп екі жылдай қоғамдық жасап, әлеуметтік желілерде, ресми БАҚ -да жазып, айтып жүрдік. Айтқанымызды естір құлақ, жазғанымызды көрер көз бар екен. Шүкір. Мемлекет билігін қолға алған Жаңа Президент алғашқы жарлықтарының бірімен Экология министрлігін құрды. Тәубә. Алдағы уақытта аталмыш министрлік экологиямен белсене айналысады деген ойдамыз. Біздің ендігі бір алға қойған мақсатымыз, халықтың көкейіндегісін билік жеткізу, биік мінберлерден мұң-мұқтажын, талабын айту. Енді соған білек сыбана кірісуді қолға алып жатырмыз. Осы арқылы біз бір ұпай жинайық, атымызды шығарайық деген бөгде ой жоқ. Әлсін-әлсін митинг, шерулер ұйымдастырып, халықтың талабы яғни АЭСті салдырмау, көп балалы аналардың жағдайын жасау, әйелдердің зейнетке шығатын мерзімін қысқарту, Ұлттық компаниялардың сыртқы қарызын шешудің жолдарын қарастыру, Қытайдағы қандастарымыздың тағдырына араша түсу, Еліміздегі іс-қағаздарды (дело производства) таза мем.тілге көшіру, Жастардың мәселесі, кредиттердің пайызын төмендету т.б ортаға салу. Билікке жеткзу. Әрине бір митингмен бәрі шешіледі деу қиын. Бұл үшін шын ниетпен көп жұмыстар жасау керек. Ол үшін әр қалада бейбіт митингтер, шерулер өтуі керек. Қысқасы билікті кез-келген мәселе бойынша халықпен санасатын жағдайға жеткізу менің мақсатым. Міне, алдағы міндет осы. Елімнің патриотымын. Мен биліктің «қуыршағы» емес, халықтың адал ұлы болғым келеді. Ал алдағы ұйымдастыратын митингге келсек, қаланың әкімі рұқсат беретін шығар деген сенімдеміз. Өйткені биліктің өзі, «Біз демократияны қолдаймыз, құндылықтарын қадірлейміз» деп айтып жүр ғой. Сөзі мен ісі бірдей болатын болса, онда 30 маусым күні митинг өткзуге қарсы болмауы тиіс.

Азаматхан Амиртай, Экологический альянс «Байтақ болашақ»