Министрлік құрылды ендігі мәселе жаңа экологиялық кодекс!

Президент Қасым-Жомарт  Тоқаевтың жарлығымен  елімізде экология  министрлігі яғни нақтылап айтар  болсақ, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қайта  құрылуы  көңілге  қуаныш  ұялатты. Тоқаевтың   сайлауда  жеңіске  жетіп, заңды  түрде  президент  болысымен  жүзеге  асырған  ең  бір  оңды  шешімі   осы  деп айтар едім. Мен  «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянстың  басшысы  ретінде  «Қазақстанда  міндетті  түрде  экология министрлігі  болуы  керек»  деп айтып,  жазып келген  едім. Өйткені экология  комитеті  не  болмаса біз  секілді экологиялық   қоғамдық  ұйымдар   ірі кәсіпорындар  қоршаған  ортаға  зиян келтіріп жатқанын  айтып мәселе  көтергенімізбен әлгі  кәсіпорындар  «сендер кімсіңдер?»  дегендей айтқанымызды  жүре тыңдайтын. Енді министрлік  құрылды. Бұл   әлгі алпауыттарға сөзін  өткізе  алады,  дегеніне  көндіре  алады  деген  әңгімеДемек  осы уақытқа  дейін әлеуметтік  желі  беттерінде  жазып, айтып келгенім  текке кеткен  жоқ. Жоғарыдағылар естіді,  оқыды. Міне  қортынды шығарды.  Қасым-Жомарт  Тоқаев  өзінің  ұлықтау  салтанатында –ақ  еліміздегі экология  мәселесіне  арнайы  тоқталып,  «жаңа экологиялық  саясат  қажет. Жаңа  экологиялық кодекс керек»  дегенді айтқанды.  Міне  соның  қортындысы.  Енді  жаңадан  құрылған   министрлік  шұғыл  түрде еліміздің  Жаңа  экологиялық  кодексін  жасауы  қажет. Егерде  біліктілігі  жетпей  жатса,  біз  өз  тарапымыздан   көмек  беруге  даярмыз.  Өйткені табиғат  ана  баршамызға  ортақ!

Азаматхан  ӘМІРТАЙ «Байтақ-Болашақ»  экологиялық   альянсының   төрағасы