Моноұлттық мемлекет құру идеясының болашағы жоқ

Көп қызықтар болып жатыр, соңғы кезде. Мәселен, Қазақстандабірен-саран ғана орыс қалып, елде тек қана қазақтар қалса не болады? 

Central Asia Monitor деген басылым осы сұрақты екі сарапшыға қойып көріпті.

Уразгали Сельтеев (Оразғали Селтеев болуы бек мүмкін)саясаттанушы:

Оразғали Селтеев

— Қазір қазақтардың саны 70 пайыздан артық емес. Қазақтар ғана қалса жақсы бола ма, жаман бола деген сұрақ бұл жерде орынсыздау.

Қазақстан бәрібір көпұлтты мемлекет болып қала береді.

Енді, қазақ көбейген сайын этноцентризм кеңінен таралуы мүмкін. Бұл дегеніміз, саны көбейген сайын қазақтар өз мәдениетін ең дұрыс және ең жақсы мәдениет ретінде қарастыра бастайды.

Ал енді орыстар елден көшіп жатыр дегенге келсек, талантты қазақ жастары да елден кетіп жатыр емес пе?

Кәсіби мамандар мен интеллектуалды элитаның ұлты болмайдыАрнайы білімі бар жоғары білікті кадрлардың елден кетуі жақсылық емес.

Астанада «квартирант» боп жүргендер — тек қазақтар

Айдар Амребаев, (Айдар Әміребаев), әлеуметтік-саяси үрдістерді зерттеуші:

Айдар Әміребаев

— Қазір жаһандану дәуірі. Бірұлтты мемлекет дегеннің болашағы жоқ-ауҚазақстан ашық мемлекет ретінде дамып келеді.

Оқшауланған, жабық, моноұлттық мемлекет құру идеясының болашағы жоқ деп санаймын.

Мұндай сұрақ қоюдың өзі меніңше, арандату сияқты. Барып тұрған «провокация»Ия, республика халқының абсолюттік басым бөлігі қазақтарҚазақтардың өмірлік кеңістігі басымдау және ол бәріне жақсы таныс.

Тарихта болған ондай жағдайлар, көп түрлі этностардың болуы түптің түбінде соғысқа әкеп соғып, талай мемлекеттер құлаған. Қазақстанның көпұлттылығы әу бастан күштеп жасалған дүние. Аймақты отарлау үшін жасалған саясат.

Алайда мен қазіргі «қазақтың орыстарын»біздің еліміз үшін аса құнды адам ресурсы деп санаймын.

Қазақстанда онсыз да халық саны аз, адам капиталының сапасы да әзірге жеткілікті деңгейде емес. Қысқасы, Қазақстан елдегі орыстарды адам капиталы ретінде сақтап қалуға өте-мөте мүдделі болып отыр.

Ал, Сіз не дейсіз?