Орыс князьдерінің қару-жарағындағы Құран сөздері

Осыдан біраз бұрын белгілі фольклоршы ғалым Исмаил Мунаев «Нахчийн фольклор» атты кітаптың алтыншы томын құрастырып, жарыққа шығарды. Тарихта қарапайым адамдар біле бермейтін, ашық айтыла қоймаған жәйттер көп. Әсіресе, орыс тарихында. Мәселен, Мәскеуді поляктардан азат етуші Минин мен Пожарскийдің Қызыл алаңдағы ескерткішін бәріміз де білеміз. Бірақ бұл жеңістің ұйымдастырушысы һәм шабыттандырушысы чечен князі Черкасский екенін екінің бірі біле бермейді.

Бұл сөзімізге М.Н. Загоскиннің 1829 жылы шыққан «Юрий Мстиславский или русские в 1612 году» деген тарихи романы дәлел. Онда поляктардың басшысы:«Біздің тыныш өмір сүруімізге ең әуелі князь Черкасский, сосын Григорий Образцов қарсы болатынына сөз жоқ. Бұл екеуінің біріншісі чечен князі Мамстрюктің ұлы және чечендер сияқты әрдайым кескілесуге даяр тұратындықтан сөйтеді. Ал екіншісі туабітті нижегородтық болғандықтан поляктарды ит етінен жек көреді…» – деп жазылған. « – Бізді князь
Пожарский Мәскеуге бастап баратын болсын , – дейді Черкаский. –Біз поляктарға нағыз жауапты сонда қайтарамыз! Біз Мәскеу маңайына өліктерді төсек қып тастағанда нижегородтықтарға не керек екенін сонда ғана білетін болады поляктар».Ұлты чечен Черкасскийдің осы сөздерімен шабыттанған орыс жасақтары мен қосындары Минин мен Пожарскийдің басқаруымен жауға аттанып Мәскеуді азат еткен еді дейді автор.

Иә, бүгінде Қызыл алаңдағы Минин мен Пожарскийдің жанында чечен князі Черкаскийдің мүсіні жоқ. Ресей ол чечен түгіл кешегі Отан соғысы кезінде ерлігімен көзге түсіп, Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылған чечендердің құжаттарын жойды. Тіпті, Рейхстагтың шатырына ту тіккен чечен Абдулхаким Исмаиловқа өзі жасаған ерлігі туралы да, ұлты кім екенін айтуға да тыйым салған. Сөйтіп, тек Егоров пен Кантария ғана ерлік даңққа бөленді.

Орыстың «аптада бес жұма бар» деген мәтелін талайымыз естіген болармыз. Ал оның шын мағынасы не екенін ойлап көрдік пе? Сөйтсек, бұрын Русьте де жұманы демалыс күні деп атаған екен. Ресми тарих бойынша Русь христиан дінін қабылдап, шоқынғанға шейін орыстар отқа, суға, пұтқа табынған. Сөйтіп, тек Х-шы ғасырдың соңында ғана Владимир князь елді бір дінге енгізуге кіріседі (988 ж.). Ол иудаизмді қабылдайын десе Израиль халқы Жаратушының қаһарына ұшыраған деп есептеледі. Ислам діні салауаттылықты талап ететіндіктен ішімдіксіз өмірді өмір құрлы көрмейтін орыстарға ол тура келмейді. Сондықтан православие орыстарға лайық деп табылады. Алайда, енді бір болжамдар мен аңыздарға сенсек, орыстарға православие дінін қабылдатқан Иван Грозный екен дейтіндер де бар. Сол Иван Грозныйдың күні бүгінге шейін Стокгольмдегі мұражайда сақтаулы дулығасы орыс ғалымдары жазған Ресей тарихының шәт-шәлекейін шығарды. Бұл жерде мәселе сол дулығадағы арабша жазуда болып отыр. Оны Иран Ислам Республикасының осы мұражайға барған консулы Сейіт Ғұламрез Мейғуни тәржімалап, бұл көне диалектіде жазылған деп мағлұмдады. Иван Грозныйдың бұл дулығасындағы жазуды тәржімалағанда «Алла ұлық! Мұхаммед оның пайғамбары» боп шығады екен

(Мырзан  Кенжебайдың  Фейсбуктағы  парақшасынан)