Парламентке өту үшін, не істеу керек?

Халықаралық геосаясатта  болып  жатқан  өзгерістер  біздің  елгеде  әсер етуде. Оны халықтың  саяси  жағынан  жандануынан  білуге  болады. Түрлі ұйымдар,  қозғалыстар  құрыла  бастады. Соның  бірі елдің, жердің  қамын жейтін «Ел мен  жер» қоғамдық қозғалысының құрылуы. 
Қолдаймыз,  құптаймыз. Иісі  қазақ  үшін ата-бабадан қалған  жерді  көздің қарашығындай   сақтау  парыз. Жер  сатылмауы керек. Тіпті  жалғада  берілмеуі  тиіс.  Әсіресе шетелдіктерге. Қозғалыстың  алға  қойған  негізгі  мақсаты  осы. Алда  парламент  сайлауы. Сондықтан  менің  ойымша,  сайлауға  түскісі келетін «Ауыл»  партиясы  осы «Ел  мен Жер»  қоғамдық  қозғалысымен  біріге  отырып, қимылауы  керек  сияқты. Өйткені  «Ауыл»  аты  барда  заты жоқ  партия.  Бұлай  дейтініміз «Ауыл»  партиясы ел  үшін,  жер  үшін  үлкен  бір  тірлік  бітіріпті  дегенді естімедік.Керісінше кеше  ғана  құрылған «Ел  мен Жер» қомақты жұмыстарды  қолға алып жатыр. Бәріде  елдің,  жердің  қамы.  Сондықтан «Ауыл»  мен «Ел  мен Жер» коалиция  құра отырып,  парламенттік сайлауға бірге  түскені  жөн-ау. Өйткені  иелейтін пұшпағы  бір. «Ел  мен Жерде» елім, жерім дейтін белсенді азаматтар  көп. Бұдан «Ауыл»  партиясы  ұтылмайды. Тек  ниет  болса  болды.  Сол секілді   өзім жетекшілік етіп  отырған «Байтақ  – Болашақ» экологиялық  альянсы  «Ақиқат»  партиясымен коалиция  құрсақ  деген  ой  бар.  Сүйтіп  бірлесе  отырып  парламенттік  сайлауға түссек. Бұл  саяси  жүрістен ешқай  жақ  ұмтылмасы анық. Өйткені “Байтақ – Болашықтың”  ресурысы үлкен. Республикамыздың әр  қиырында  аса  белсенді адамдарымыз  жетеді. Және  «Ақиқаттыңда», Байтақ – Болашықтың да»  көтіріп жүрген жүгі  біреу.  Ол  елде саяси  реформалар орнауы.  Экономиканы әр  тараптандыру. Әлеуметтік  мәселелерді реттеу. Халықтың   тұрмысын  түзету. Міне,  осындай мәселелер «Ақиқат»  пен «Байтақ – Болашақты» біріктіре алады деп ойлаймын. Әрине  екі  жақта тең төраға  болуы  тиіс.  Мұны  неге айтып  отырмын, алдағы  сайлауда  тек  қана «Нұр  Отанның»  үстемдігіне  жол  беріп қоюға  болмайды.  Онда  тағыда  бес  жыл билік  партиясының   дегеніне  бас  шұлғып күнді өткізетін  боламыз. Бұлай  болуы  тиіс емес. Қазақстан өркендесін десек, сөз  бостандығы  һәм әділеттілік салтанат  құрсын десек,  жердің  үстімен астындағы ырғын байлықтан  үлес халыққа  тисін десек, онда парламентке жастар,  соның ішінде ел  мүддесін бәрінен биік қоятын белсенділер  келуі тиіс.  Алайда  оларға  қазір  жол  жоқ. Қоғам  белсенділері  құрған қозғалыстар мен  ұйымдар  партия  болып  тіркеле алмады. Оған  жол  берілмеді. Демек,  онда  парламентке  бару  үшін бір  ғана  жол бар.  Ол – тіркелген  партиялармен коалиция  құра  отырып, парламентке  бару. Меніңше  осы  дұрыс секілді.
Азаматхан ӘМІРТАЙ