Қазақтың абыз ақыны

Бүгін қазақтың үлкен  ақыны Олжас  Сүлейменов Омарұлы 83 жасқа келіп жатыр.Туған күніңізбен ағасы! 83 жасыңыз құтты болсын!

Асау үйрету

Көтеріп атқа қондырдың,  
Ат емес –  
Алау.  
Бүлік бір.  
«Сабау деп қалма,  
Бұл – ер» деп,  
Қарадың сосын күліп бір.  

Жас тұлпар басын тұқыртып,  
Жер тарпып тұрды тынымсыз.  
Әзілден өткір қамшы жоқ,  
Тіл деген әсте буынсыз.  

Алғашқы рет,  
Өрекпіп,  
Ағытып қойдым түймемді.  
Тізгінді мытып,  
Табаным  
Таралғыға тиген-ді.  

Айғырым асау атылып,  
Жармаса кеттім жалына.  
Мырс етіп күліп алдың сен  
Менің мүшкіл халыма.  

Арғымақ –  
Пай-пай! –  
Азынап  
Тулады дейсің толқындай.  
Үзіліп кете жаздадым  
Жүзімдей  
Піскен солқылдай.  
Аямақ емес ол мені,  
Менің де жоқты аяғым,  
Салып кеп қалдым көзіңнен,  
Аспаннан келді аяғым….  

Дүние кетті дөңгелеп….  
Осымен тынды бақ сынау.  
Асауым тұрды  
Бір көзін  
Сипағысы кеп,  
Қайтсын ау!  

Қып-қызыл жолақ дірілдеп  
Жосыды көздің жанымен  
Ол күнді кеттім белгілеп  
Асаудың алау қанымен!..