Ресей депутаты қазақтың жерін даулады

Кең байтақ  қазақтың жеріне  көз алартқандар  көп. Лажы келсе  кімде  болса «қазақта  мемлекет  болмаған,  қазақтың  жері біздікі»  деген  сияқты әңгіме айтып  алаш  баласын  бір  түртіп  өткісі  бар. Мұндай әңгіме бүгінге  дейінде   талай айтылған.  Қазірде айтылып  жатыр. 

Кеше  ғана  Ресей Думасының  депутаты Вячислав Никонов  «Бірінші канал»   телеарнасынан  «Қазақстан  деген  болған емес,  Қазақстан территориясы   Ресей  мен  Кеңес  одағы   берген үлкен сыйлық»  деген сияқты дөйдала әңгіме айтты. Анау  мынау  емес,  Дума  депутаты солай  сөйлеп  тұр. Сайып келгенде  бұл  жеке  бір адамның   пікірі емес, ресми  Думаның айтқаны  деп  қабылдаған  жөн.  Абырой  болғанда біздің  Сыртқы  Істер министрлігі Қазақстандағы  Ресей  елшііне наразылық  нотасын  тапсырды. Бұл  да  болса  көңілге  демеу. Егерде ақиқатқа  тура  қарап  сөйлесек,  Ресей  емес  Қазақстан Мәсеуден жер  даулауы  тиіс. Бұл  жөнінде  талай айтқанбыз,  жазғанбыз. Мәселен  Хажы – Тархан  кейде  Аштархан атанған қазір  Ресейге  қарап кеткен  Астрахань, Сарытау (Саратов), Селебе (Челябинск),  Омбы, Қорған, Орынбор,  Түмен  т.б солтүстікте   жатқан Ресей губерниялары кезіндегі  қазақтың жері  болатын. Патшалық  Ресей  һәм Кеңес  одағы  тұсында большевиктердің  әлімжеттігінің арқасында Ресейге  қарап  кеткен. Демек айтысайық-тартысайық  десек бізде  де уәж  жетеді. Бірақ қажеті  қанша. Қазіргі бар  жерімізді  көзіміздің  қарашығындай  сақтай  алсақта  жетеді. Сондықтан бізге қашанда ауызбіршілік керек. Жұмылған  жұдырықтай  болуға  тиіспіз.   Сырттан әңгіме айту аз,  іштен ірітуге күш  салатындар,  сепаратистік пиғылмен  жүргендер  көп. Солардың алдын алуымыз керек. Қысқасы  «төртеу  түгел  болса,  төбеде келеді, алтау ала  болса ауыздағы кетеді»  деген  тәмсілі  ешуақытта  естен  шығармауымыз керек.

Азаматхан  Әміртай  «Байтақ –Болашақ» экоальянстың  төрағасы