Шыңғысхан  – түркінің Ұлы Қағаны, тарихтың Ұлы Реформаторы

Салыстыру түрінде айтсақ, Шыңғысханның әскерінің 25 жылдың көлемінде бағындырған аумақтары, Рим империясының 4 ғасыр бойы жаулап бағындырған елдер мен жерлердің көлемі, әлеуеті бойынша асып түскен екен. Шыңғысхан бұл көрсеткіш бойынша даңқты қолбасшы ретінде әлемдегі жиһангер – жаулаушылардан оқ бойы озық шығып, көш бастап тұр. Оның империясының бағындырған аумағы Африка құрлығына тең екен – Сібірден Жерорта теңізіне дейін, Үндістаннан Балқан тауына, Көрей түбегінен Ветнамға шейінгі аумақ – Шыңғыс әулетінің имперясы патшалық құрған аумақтар. Бұл кейбір ортаңқол Америка сияқты құрлықтардан да үлкен территория.
Қазір бұл территорияда 30 мемлекет орналасқан. Ол кезде шамамен бұндай территорияда 1 млрд қа жуық халық болған. Сонша халықты сол кезде саны 2 – 3 миллион ғана болатын көшпенді түркі халықтарымен бағындырып, ғасырлар бойы оларды билеген Шыңғысханды, «даңқты қолбасшы», «сұңғыла стратег», «түркі халқының бағы» деп қалай айтпайсың. Шыңғысхан түркілерге құдайдың жіберген сыйы болған адам. Егер Шыңғысхан болмағанда ол кезде азғантай ғана көшпенді түркі шашырап өзгеге колония, жартылай вассал ретінде жойылып сіңіп кететін еді. Мәселен, Қытай мен Хорезм сияқты алпауыттарға.
Шыңғысхан осы тарихты түбегейлі өзгертіп, Түркі дүниесіне жаңа леп әкеп, әлемді көшпенділердің астына тастаған Түркінің Ұлы Қағаны, тарихтың Ұлы Реформаторы.

(Олжас Әбілдің  Фейсбуктағы  парақшасынан  алынды)‎