ТАЙЫП ЕРДОҒАННЫҢ ТӨРТ ЕРЛІГІ …

  1. Қандай ресми кездесулерде де,ресми жеке әңгімелер кезінде де,қандай ресми жиында сөз сөйлесе де Ердоған мырза тек өзінің ұлттық ТҮРІК тілінде ғана сөйлейді! Ердоған мырзаны өзге тіл білмейді деп айта алмайсың. Бірақ ол мемлекет басшысының әлемдік әдебін берік ұстанатын Президент. Қай елдің Президенті болса да мұндай ресми кездесулер барысында өз тілінде сөйлеу арқылы елі,халқы,ұлты бар екенін,олардың ұлттық тілі бар екенін паш етеді!
  2. Таяуда ғана Ердоған Батыстың,оның ішінде Әмриканың,тіпті НАТО-ның айтқанына көнбей, Ресейден С –400 қаруын сатып алды! Ресейді басты жауы санайтын Америка басшысының жер тепкілегеніне қараған да жоқ,менің елімнің қауіпсіздігі үшін осы қару керек деді де сатып алды!
  3. Реджеп Ердоғанның ҚҰРАН оқығанын көрсеңіз таң қаласыз! Ұлы деген мешіттердің имамдарының өзі дәл бұлай оқи ала ма,жоқ па — үлкен сұрақ.

4.Өз елінде мемлекеттік төңкеріс жасай жаздаған ұйымды лаңкес деп атаған Президент Ердоған ол ұйымның кейбір басшылары бүгінде әр елде тұрып жатқанын айтты. Соның бірі Құрама Штаттарда тұрады деді ол БҰҰ Бас Ассамблеясының мінбесінен!

(Несіп Жүнісбаевтың  Фейсбуктағы  парақшасынан)