Тіл туралы Заңның көк тиын құны жоқ!

Айта – айта ауыз талды. Халыққа қызмет ететін мекемелердің шектен шығып есіріп кеткендігі соншалық қазақ тілін мемлекеттік тіл деп қабылдамайды. Тіпті менсінбейді. Қабылданған Заңыңа да түкіргені бар. Мемлекеттік тілде қызмет етуді сұрасаң өзіңді ‘бандит’ бұзақы қылып, полиция, күзет шақырып, жүректерін ұстап ахылап – ұхылеп талып қала жаздайды. Орыс қыздар беті шімірікпестен орыс тілі 1-ші тіл, басқа тіл жоқ деп ашықтан – ашық айтқанда жаның түршігіп кетеді екен. Қаладағы Күйші Дина көшесі 15 үйде орналасқан Теле – 2 байланыс салонында тура осы жағдай орын алған. Шовинистік пиғылдың лебі сұмдық есіп тұр. Ол жерде жұмыс істейтін орыс ұлтының пікірінше біз оларды, яғни орыс тіліне құрмет көрсетуіміз керек екен. Бұл бассыздық қашан жойылады? Біз өзі шынымен мемлекетпіз бе? Қазақ тілі мемлекеттік тіл ме? Сонда жоғары Заң шығарушы орган Парламент бекіткен, Президент қол қойған Тіл туралы Заңның көк тиын құны, қаңбақ құрлы салмағы жоқ па? Консультант Оператор

Бейбіт Оспанның  Фейсбуктағы  парақшасынан