«Жасыл дала, жасыл қала» ұранымыз

КешеБайтақ олашақэкоалъянсы  Нұр-Сұлтан  шаһарында кезекті  ағаш  отырғызу  акциясын  өткізді. Бұл  игі  шара экологтар күніне және Ораза айт  мейрамына  орайластыра  ұйымдастырылды.

Айтулы  іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы әкімдігінің өкілдері ,студенттер, балаларүйінің тәрбиеленушілері, қала тұрғындары мен еріктілер қатысты.

Экологоиялық  альянс  осылайша қаланы  көгалдандыруды бірте-бірте  жүзеге асыруда. Бұл  игі  тірліктің  астарында тұрғындарды  өз  қаласын  сүйуге,  таза  ұстауға деген  үлгі жатыр.

Осы  акцияны  ұйымдастырған «Байтақ-Болашақ» экобірлестігінің   төрағасы Азаматхан  Әміртай: Біздің негізгі  ұранымыз «жасыл дала, жасыл қала,  таза ауа»  деп аталады. Осындай игі  шараларды  ұйымдастыра  отырып, қоршаған  ортаны  қорғау, табиғатымызды  сауықтыру»-  дейді.