Жер шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында тағы бір үлкен сұрақты – жерді тиімді пайдалану мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Ауыл шаруашылық алқаптарын түгендеу барысында пайдаланылмаған 16,5 млн гектар жер анықталды. Бұл проблеманың бір бөлігі ғана. Мен үкіметге барлық ауыл шаруашылық жерлерді тексеріп, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырамын. Жер – өндірістің басты факторы. Бұл мәселені тиімді шешпей, ауылды дамыту мүмкін емес. Бұл қиын екенін түсінеміз, бұл жерде Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің үйлесімді әрекеті қажет. Бұл жұмыстарды келесі жылдың аяғына дейін аяқтау маңызды. Яғни бәрін цифрлау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жер сол жерде жұмыс істейтіндерге тиесілі болуы керек.

– Үкімет жердің рационалды пайдаланылуын қадағалай бастады. Бұл жұмысты соңына дейін аяқтау қажет. 2021 жылы жер кодексінің нормаларына енгізілген мораторий аяқталғанда біз жер мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Парламент мүшелері, халық осы мәселе бойынша өзі шешім қабылдайды. Ал шетелдіктерге келер болсақ, жер оларға сатылмайды , – деп түйіндеді Тоқаев.