
Аралдың тартылып, табаны тұзды сорға айналуы, Балқаш көлінің мүшкіл халі, қарт Каспийдің экологиялық ауыр жағдайға душар болуы бүгінгі күні кімді де болса ойландырары хақ. Осы себепті біз яғни «Байтақ-Болашақ» экоальянсы биліктің осы мәселеге келгенде үнсіз қалуына қарсымыз.
Билік болмайтын, іске аспайтын, пайдасы жоқ жобаларға миллиардтаған қаржы салғаннан гөрі, экологияға көңіл бөліп, тұмса табиғатты сақтап қалу үшін ақшаны осында құйғаны жөн. Таза ауа, таза су, балығы тайдай тулаған айдын шалқар көлдерді, аң-құсы жыртылып айрылатын даламызды сақтап қалу болашақ ұрпақ алдындағы біздің міндетіміз. Амал қанша, адамның қолымен табиғатқа қаншама қиянат жасадық. Жасапта жатырмыз. Оны тоқтатын кез келді. Осы себепті «Байтақ – Болашақ» экоальянсы 28 қарашада еліміздің барлық қалаларында жалпы халықтық митинг өткізуді жоспарлап отырмыз. Талап Арал, Каспий, Балқаш су қорларын қалайда сақтап қалу. Биліктің назарын осы мәселелерге аудару. Біз сөзбен айтқанда, елдің, жердің қамын ойлау бүгінгі ұрпақтың парызы. Сізбен біздің міндетіміз. Сондықтан осындай игі істе бірге болайық, ағайын!
Азаматқан Әміртай