Қарағанды облысында полиция капитаны киіктерді қырған

Қарағанды облыстық АІІБ капитаны заңсыз киіктерге аңшылық жасағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетіне сілтеме жасап.

2018 жылы 25 желтоқсанда қарағандылық “Охотзоопром “ӨБ” Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторлары Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылынан 30 шақырым жерде бұзылған автокөліктерді тапты – Toyota Land Cruiser 100 және Toyota Land Cruiser 80.

 

Ары қарай осы көліктердің келген ізімен барған инспекторлар 18 киіктің етін тапқан.

“Инспекторлар дереу іздеу шараларына кіріскен. Шұбаркөл ауылдық округының инспекторы Ұлытау ауданындағы Алғабас ауылына қарай шыққан. Ұлытау АІІБ капитаны Бралинов М.Ж. Алғабас ауылындағы үйінде атылған 12 киік табылды”, – деді ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетінің өкілдері.

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды.