
3 желтоқсан күні Қазақстан қалаларының көпшілігінде метеорологиялық жағдайлар жайлы болады.
Атап айтқанда, еліміздің негізгі: Ақтау, Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай жағымды болады. Тек Ақтөбе, Қарағанды және Орал қалаларында атмосферасында метеорологиялық жағдайлар ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Дереккөз: «Қазгидромет»