
9 қараша күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің екі қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.
Атап айтқанда, метеорологиялық жағдайлар Ақтау және Балқаш қалаларында ауаға зиянды заттар шоғырлануына ықпал етеді. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Дереккөз: Қазақпарат