Былтыр әлемде 12 млн гектар орман жойылған

Былтыр әлем бойынша 12 млн гектар орман жойылды. Бұл әр минут сайын 30 футбол алаңының жойылып отырғанымен бірдей, деп жазады ВВС басылымы.

«2016 және 2017 жылдары да орман саны азайғанымен, бұл көрсеткіш 2001 жылдан бергі көрсеткіштер арасында төртінші орында тұр. Global Forest Watch баяндамасында Амазонка, Оңтүстік Америка, Батыс және Орталық Африка мен Индонезия ормандарында жағдай қиындап бара жатқаны айтылған. Бұл өңірдегі ағаштар жаһандық климат өзгерісінде маңызды роль атқарады. Баяндамада айтылғандай, соңғы онжылдықта бұл жерлерде коммерциялық және ауылшаруашылық мақсатта миллиондаған гектар орман оталған», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, бұл 2017 және 2016 жылдардағы көрсеткіштен де төмен.

«Ол жылдары орманның азаюына өрттің көп болуы әсер еткен еді», – дейді автор.

inform.kz