Каспий теңізінен 70 келіден астам бекіре тұқымдас балық тірідей құтқарылды

Осылайша, шекарашылар 18 миллионға жуық шығынның алдын алды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасына қарасты әскери бөлімдердің «Сардар» және «Өскемен» атты шекаралық кемелері кеше Каспий теңізінен ұзындықтары 6600 м және 4000 м екі дана охан ауларын, 1000 м калада, 500 дана ілмек, 2 дана, көлемі 100*100 болатын торкөзді ау тауып, жинап алды», – делінеген хабарламада

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 70 келіден астам бекіре тұқымдас балық тірідей құтқарылып, мемлекетке келтірілуі мүмкін 17 750 750 теңге шығынның алды алынды.

BAQ.KZ