Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Кіші Арал мәселесін шешу үшін дереу шара қолдануды тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.  

“Мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 млрд текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын”, – деп жазады Ақорда Тоқаевтың сөзін.

Теңіз деңгейі 1960-шы жылдардан бастап тез төмендеді. 1989 жылы Арал теңізі екі оқшауланған су айдынына – Солтүстік (кіші) және Оңтүстік (Үлкен) Арал теңізіне бөлінді. Арал тартылмас бұрын әлемдегі көлемі жағынан төртінші көл болды.