Министрлік: 2018 жылы браконьерлерден 500 киік тәркіленді

Қазақстанда 2018 жылы 77 браконьерлік қылмысанықталып, олардан 500 киіктің өлексесітәркіленген. Бұл туралы 18 маусымда НұрСұлтан қаласында ауыл шаруашылық министріСапархан Омаров халыққы есеп беруі кезіндеайтты.

Министрдің сөзінше, 2018 жылы Қазақстандакиіктердің саны 41 пайызға өсіп, 215 мыңғажеткен. Ауыл шаруашылығы министрлігі Баспрокуратура, Ішкі істер министрлігі және Ұлттыққауіпсіздік комитетімен браконьерлікпен күресшараларын жасап жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін тағы бір браконьерлік қылмыс биыл13 қаңтарда Қарағанды облысында болған. Киіктізаңсыз атты деген күдікке іліккендерОхотзоопроммемлекеттік кәсіпорнының екіинспекторын соққыға жығып кеткен. Олардыңбірі Ерлан Нұрғалиев сол жерде ауыр жараланып, кейін НұрСұлтан ауруханаларыныңбірінде қайтыс болған. Бұл қылмысқа күдіктілерарада бірнеше күн өткенде ұсталды.

Осы жылы 30 қаңтарда Қазақстан баспрокуратурасы соңғы жылдары елде сиреккездесетін және құрып бара жатқан жануарлардыұйымдасқан түрде заңсыз аулауоқиғалары көбейгенін айтқан. Бас прокуратура дерегінше, 2016-2018 жылдар аралығында браконьерліктен табиғатқа 3,6 миллиард теңге зардап келген, үш мыңға жуықкиік заңсыз атылған.

Биыл наурызда Қарағанды облысындағымемлекеттік Қорғалжын табиғи қорығының Нұраауданына қарасты аумағында белгісіз біреулер 50 шақты киікті атып кеткен.