Президент: Киік атқандар қатаң жазаға тартылуы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарын киікті заңсыз қырған қаскөйлердің әрекетіне тоқтау салуға шақырды, деп хабарлайды tazael.kz

Браконьерлер табиғат байлығы – киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек” деп жазды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетсек, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайға 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам жануар) киік мүйізін шекара асырмақшы болған қылмыстық топты ұстаған болатын.