Қасым-Жомарт Тоқаев: Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс

Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter -дегі парақшасында жазды. «Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс», – делінген желіде.