Сараптама: Жайықтағы балықтар хлордан уланған

Сараптама қорытындысына сай, Атырау облысыЖайық өзеніндегі балықтар хлордан уланған. Бұлтуралы 15 сәуірде ішкі істер министрлігі тергеудепартаменті басшысының орынбасары МұхтарҚожаев хабарлады.

“3 сәуірде сараптаманың алғашқы нәтижелеріналдық. Онда Жайық өзеніндегі балықтар хлордануланып, қырылғаны айтылғандеді Қожаев.

Балықтардың жаппай қырылуы былтыржелтоқсаннан бері айтыла бастады. Ауылшаруашылығы министрлігі Атырауда 7-11 наурыз күндері Жайық өзенінен 3,1 тонна өлібалық жиналғанын хабарлаған.

Балық қырғыны бойынша Қылмыстық кодекстіңСуларды ластау, қоқыстау немесе сарқудепаталатын 328-бабы менБөтеннің мүлкінабайсызда жою немесе бүлдірудеп аталатын204-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ресми ақпарат бойынша, мемлекетке 439 миллион теңге залал келген.

15 наурызда ақпарат және қоғамдық дамуминистрі Дәурен Абаев мемлекеттікХабарарнасына берген сұхбатында “Жайық өзеніндегібалықтың жаппай қырылуы бойынша төрткомпанияның күдікке ілінгенін” айтқан.