Желіде Балқаштағы өлі балықтардың видеосы тарады

Балқаштағы өлі балықтардың видеосы қазақстандықтардың наразылығын тудырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері браконьерлер Балқаштан 119 келі балық алуға тырысқанын айтты.

«Біздің ержүрек балықшыларымыз балық аулайды, кеше олар торларды тексерді. Ал біз қашан қармаққа түсіреміз деп, өскенін күтіп жүрміз. Ол бұлай ешқашан өспейді. Біздің балық инспекциямыз қайда?»,- дейді видеодағы ер адам

«Балқаш көлінде жедел рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Балқаш ауданы Құйған ауылы мен Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының екі тұрғыны Nissan және Волга 3110 маркалы көлік жүргізушілерін ұстады», – деді Экология министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

«Балық ресурстарына алдын ала келтірілген шығын 225 мың теңге болды. Алынған балық сот шешімі шыққанға дейін сақтауға тапсырылды», – деді ведомстводағылар.