Қазақстандағы тәліптер: күлеміз бе, жылаймыз ба?

282

Тәліптер делегациясының Қазақстанға келуі сарапшылар арасында түрлі пікірлер тудырды. Бірі ұстамдылық танытып, қалжыңдап қана қойса, кейбіреулері ашуланып жатыр.

Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев сурет жайлы: «Астанаға ауғандық инвесторлар мен сауда серіктестері келді»,  – деп мысқылдаған.

Ал саясаттанушы Досым Сәтбаев болса оқиғаға қатты сын айтты.

«Осы аптада Астанада бірінші қазақ-ауған бизнес-форумы, сондай-ақ ауған тауарларының көрмесі өтеді.

Осыдан сәл бұрын, ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР СІМ «Талибан» қозғалысы атынан Ауғанстанның жаңа әкімшілігі Қазақстандағы дипломаттарын аккредитациялау үшін құжаттарын тапсырғанын хабарлады.

Одан кейін Ауғанстанда тәліптермен кезекті ресми қазақстандық делегация кездескен болатын.

«Талибан» қозғалысы әлемнің көптеген елдерінде террористік ұйым ретінде танылғанына қарамастан осындай жайттар орын алып отыр.

Бірақ, шамасы,

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынаста «Жеке ештеңе жоқ. Бұл жай ғана бизнес» деген қағидат бірінші тұрған сияқты.

Өйткені, Қазақстан үшін Ауғанстан – қазақстандық ұн, астық және басқа да өнімдерді сатудың ең ірі нарығы болып табылады, ал өткен жылы тауар айналымы 1 миллиард АҚШ долларына жуықтады, бұл да көпшілікті таң қалдырды, өйткені ол басқа тұрақтырақ елдермен салыстырғанда көбірек болып шықты».