4 айдың қортындысы бойынша мембюджетке 2,7 трлн теңге кіріс түсті – Қаржы министрі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов және ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев ҚР мемлекеттік бюджетінің орындалуы және 2020 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы банк саласының жай-күйі туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Смайылов атап өткендей, ағымдағы жылғы 4 айдың қортындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 2,7 трлн теңге кіріс түсті. Жоспар 103,9%-ға атқарылды. Республикалық бюджетке 1,7 трлн теңге кіріс түсті.

“Салықтар бойынша жоспар 61 млрд теңгеге орындалмады. Оның негізгі сомалары ҚҚС және КТС есебінен. Жоспардың орындалмауына сыртқы нарықтағы факторлар да әсер етуде. Негізгі экспорттық позициялар бойынша 2019 жылдың 4 айымен салыстырғанда бағалар орта есеппен 19%-ға және жыл басынан 15%-ға төмендеді. Қызмет көрсету салаларынан да түсім азайды. Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 119%-ға орындалып, 1,3 трлн теңгені құрады. Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды”, делінген ҚР Үкіметінің ресми сайты келтірген мәліметте.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 97,7%-ға, республикалық 98,6%-ға, жергілікті бюджеттер 97,1%-ға атқарылды.

“Республикалық бюджеттің шығыстары есепті кезеңде 4 ,3 трлн теңгені құрады. 62 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 14 млрд теңгесі үнемдеу болды. Игерілмеу сомасы 48 млрд теңгені құрады. Игерілмеудің негізгі себептері — конкурстық рәсімдерді ұзақ және уақтылы өткізбеу, нақты көрсетілген қызмет көлемі, атқарылған жұмыстарға ақы төлеу, келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, сотта талап-арыз жұмыстарын жүргізу”, — деп түсіндірді Ә. Смайылов.
Нақтыланған бюджетте дағдарысқа қарсы шараларға қосымша 1,1 трлн теңге қарастылды. Бұл соманың 70%-ы жергілікті бюджеттерге “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы, “Ауыл – Ел бесігі”, Бизнестің жол картасы аясында кәсіпкерлердің жобаларын субсиядалауға және кепілдендіруге, агроөнеркәсіп кешенін субсиядалауға көзделген.

“Барлық қажетті бюджеттік процедуралар жүзеге асырылды. Мемлекеттік сатып алулар жеңілдетілген процедуралар арқылы жүргізілуде. Осы қаражаттың игерілу барысы қатаң бақылауда болады”, — деді Ә. Смайылов.