Қытай АҚШ-тың ыңғайына жығылды

Қытай жағы америкалық көліктерге салынған баж салығын төмендететін болды деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. Белгілі болған жайтқа назар аударатын болсақ, Қытай үкіметі АҚШ пен екі арада болған сауда саласындағы текетіресте АҚШ-тан келетін көліктерге көтерген 40 пайыздық баж салығын, таяу күндері 15 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отыр екен. АҚШ пен Қытайдың сауда өкілдері телефон арқылы жүргізген келіссөзде осындай бітімге келіпті. Осыдан сәл бұрын Аргентинада G20 мемлекеттері саммитінде Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кезедесіп, салық мәселесі бойынша әңгімелескен. Бұл соның жемісі болса керек-ті.
Еске сала кететін бір жайт, жыл басынан бері Қытай мен АҚШ арасында сауда-саттық саласында келіспеушіліктер болып, екі елде баж салығын көтерген. Бірақ бұл екі жаққа да тиімді емес екенін уақыт көрсетіп жатыр. Содан болар, екі елдің басшысы сауда айналымын реттеуді қайта қолға алып жатыр.
Өткен жылғы (2017 жыл) АҚШ пен Қытай арасындағы сауда – саттық 710,4 миллиард долларды құраған. АҚШ 187,5 миллиардтың тауарын Қытайға экспортап, ал ол жақтан 522,9 миллиард доллардың тауарын импорттаған.