Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 381 теңгеге тең

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына нығайды 381,64 теңгеге тең болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 29 желтоқсанда доллар бағамы 384,68 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 382 теңгемен өтті және осы максималдық құны болды, ал минималдық құны – 381,3 теңге. Сауданың жалпы көлемі 30,5 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 380,5-382 аралығында.

29 желтоқсанда ұлттық валюта рекордтық (387 теңге) көрсеткішке дейін әлсіреді. 26 желтоқсанда ұлттық валюта әлсірей бастады, онда доллар бағамы – 374 теңге болды. 26 желтоқсанда ақша айырбастау пунктерінде доллар 378 теңгеге сатылып жатты. 28 желтоқсанда доллар 383 теңгеге сатылды. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz