АСТАНА ЛРТ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМСІЗ ЖОБА

Шамамен осыдан жыл бойы Астана ЛРТ жобасын экономикалық тиімсіз, өте қымбат деп біршама посттар жазған едік. Әкім Сұлтанов қаржыгер ретінде аспажол жобасын ашық таныстырды. Енді міне соңғы таратылған ақпараттардан оның құрылысы тоқтатылғанын білдік. Менің айтайын дегенім: оны тоқтатайын деп жатқан ешкім де жоқ. Бар болғаны: құрлыс жасап жатқан компания бөлінген бар қаражатты жаратып тастады. Енді доллардың қымбаттауына байланысты дегендей болып, қаражат жетіспеушілігінен тағы да мемлекетке қол жайып, ақша сұрау үшін уақытша тоқтатқаны түсініп отырмыз.

Осы тұста мұндай әлемдегі ең қымбат аспажол саналатын Астана ЛРТ жобасы біздің елге мүлдем керек емес. Шетелдік таныстарым маған: “Бағасы қымбат аспажол Астана ЛРТ салудан Гиннес рекордтар кітабына енетін болдыңдар”, – деп сыртымыздан күліп жатыр.

Бұл қаражатты саналы түрде елордамыздың экономикасын дамыту үшін арнайы салаларды көтеруге, қалалық әлеуметтік жағдайдың жақсаруына жұмсауымыз керек.

Азаматхан Амиртай