Халықаралық тәжірибесі бар кәсіби басқарушы компанияларды тарту керек – Мамин

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин арнайы экономикалық жәнеиндустриялық аймақтарды дамыту бойыншақандай жұмыс істелгенін және проблемалардыатап өтті. Сондай-ақ, ол осы бағыт бойыншабірқатар тапсырма берді

«Дайын инфрақұрылым бар арнайыэкономикалық аймақ жеке инвестициялардытартуға арналған алаң болып табылады. Қазіргі таңда 12 арнайы экономикалық аймақта183 жоба, ал 24 индустриялық аймақта 168 жоба жүзеге асырылған. Бір триллион теңгегежуық жеке инвестиция тартылды. Оның ішінде27%-ы шетелдік компаниялардың капиталы. 2021 жылға дейін осы аймақтарда 2,5 триллион теңгеден астам соманы құрайтын 318 жобаіске қосылып, 11, 5 мың адам жұмыспенқамтылады деп көзделіп отыр.  Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында және Павлодар  мен Алматы облыстарында арнайы экономикалықаймақтарды басқару бойынша тиімді жұмыстыұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Мысалы, Оңтүстік экономикалық аймағындаәрбір бюджеттік теңгеге 15,5 теңге, ал Павлодарда 12,3 теңге инвестиция тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш», – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы қай өңірлерде арнайыэкономикалық және индустриялық аймақтардыбасқару бойынша тиімді жұмыс атқарылыпжатқанын және қай жерлерде бұл жұмыскешеуілдеп жатқанына да тоқталып өтті

«Индустриялық аймақтар бойынша Шымкент қаласында жалпы сомасы 38 млрд теңгеніқұрайтын 55 жоба іске қосылды. Қызылордаоблысында жалпы сомасы 65 млрд теңгеніқұрайтын 16 жоба іске асырылды. Соныменқатар, Қарағанды облысының Сарыарқа арнайыэкономикалық аймағы, Жамбыл облысыныңТараз химия паркі секілді бірқатар аймақтардыңдаму үлесі толығымен жүзеге асырылмаған. Инвестицияның және жобалардың саны төмен. Сондықтан осы бағыт бойынша белсенді жұмысістеу керек. Жаңа жобаларды жәнеинвестицияларды тарту, жұмыс орындарынқұру бойынша жүйелі түрде жұмыстыұйымдастыруымыз қажет», – дейді Премьер-министр. 

Ол арнайы экономикалық және индустриялықаймақтарды дамыту бойынша Үкіметке жәнежергілікті атқарушы билік өкілдеріне мынандайтапсырмалар берді.

«Біріншіден, өңірлерге арнайы экономикалықжәне индустриялық аймақтарға халықаралықтәжірибесі бар кәсіби басқарушыкомпанияларды тарту керек. Мысал ретінде«Қорғас» шығыс қақпасы мен «Ақтау» портынбасқаруға Дубайдан компания тартылуда. Екіншіден, тиісті мемлекеттік органдарға осы аймақтарды басқару мен жұмыстың тиімділігінарттыру үшін нақты жұмыстарды қолға алудытапсырамын. Қаржыландыру кезінде тиімдіэкономикалық аймақтарға қолдау көрсетукерек. Үшіншіден, өңір әкімдіктеріне жобалардыіске қосқан кезде жоғары технологиялықөндірістер мен экспорттық әлеуеті жоғарыөнім шығаруға назар аударуды тапсырамын», – дейді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысы арнайы экономикалық жәнеиндустриялық аймақтардың тиімді жұмысын «біртерезе» қағидасы бойынша ұйымдастырудытапсырды.

«Қосымша бір мәсележауапты мемлекеттікоргандар арнайы экономикалық жәнеиндустриялық аймақтар бойынша үш жылдықдаму стратегиясын әзірлеуді тапсырамын. Осы жылдың қыркүйек айында аймақтардың даму жоспарларын талқылаймыз. Арнайыэкономикалық және индустриялық аймақтарөңірлердің экономикалық өсімін қамтамасызетуі керек. Бұл үшін нақты жұмыстар мен сапалы жобалар қажет», – деді Үкімет басшысы.

BAQ.KZ