Катарға ОПЕК керек емес

Катар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өндіруші елдер ұйымы – ОПЕК құрамынан шығады. Елдің жаңа энергетика министрі Саад аль-Кааби дүйсенбі күні осылай деп мәлімдеді. Министр халықаралық аренада елдің беделін көтергісі келетінін айтып, ОПЕК бұл жайлы біледі деп айтқан.

Қазіргі кезде ұйымға 15 мемлекет мүше. Ең ірісі – Сауд Арабиясы. Өткен жылы Сауд Арабиясы мен Катар арасындағы жағдай күрт ушыққан.                   30 қарашада Ресей мен Сауд Арабиясы Аргентинада мұнай өндіру көлемін шектеу туралы “ОПЕК+” келісімінің күшін ұзарту туралы келіскен. Катардың ОПЕК-тен шығатыны сол оқиғадан кейін екі күннен кейін белгілі болып отыр.

Еске  сала  кететін  болсақ,  мұнай  өндіруші  мемлекеттердің бұл  ұйымы 1960  жылы  құрылды.  Бұған: Алжир, Ангола, Венесуэла, Габон, Иран, Ирак, Конго, Кувейт, Катар   (2019 жылдың  1  қаңтарынан  бастап альянстан  шығады) Ливия, Біріккен  Араб  Әмірлігі, Нигерия, Сауд  Арабиясы, Экваторлық Гвинея және Эквадор  секілді   мұнай  өндіретін  15  мемелкет кіреді.ОПЕК әлемдік  мұнай  қорының  2/3  пайызына  бақылау  жасайды.  Ұйымға  мүше  елдердегі  мұнай  қоры шамамен 1199,71 миллиард  баррел.