Коронавирусқа байланысты мұнай бағасы құлады – Ұлттық банк

Коронавирустың тез таралуына байланысты мұнай бағасы түсіп жатыр. Осыған қарамастан, теңгенің нығаюы жалғасуда. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

10 ақпандағы аукционнан кейін биржада бір доллардың құны 379,0 теңгені құрады. Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне қарамастан теңге нығая түсуде. Осы жылдың басынан бастап Brent маркалы мұнайдың бағасы коронавирустың тез таралуы мен АҚШ-тың мұнай қорының өсуіне байланысты бір баррель үшін 68 доллардан 54 долларға дейін төмендеді. 7 ақпанда мұнайдың бір баррелі 54,5 доллар деңгейінде болды, – деді Баймағамбетов.

Ол валюталық саясат ашықтығы мен халықтың оған деген сенімділігін арттыру мақсатында Ұлттық Банк Ұлттық қордағы ақша аударымдары мен трансферттердің көлемі туралы ақпаратты жария жүргізе бастағандарын еске салды.

Биыл қаңтар айынында ақша айырбастау бағамы бойынша бір АҚШ доллары 376.09-382,14 теңге аралығында өзгеріп отырды. Соңғы айда теңге 0,9% нығайды, сөйтіп бір доллар 379,05 теңгені құрады, деп атап өтті Ұлттық банк басшысының орынбасары.