Маңғыстауда құны 2 миллиард доллар болатын жаңа инвестициялық жобалар жүзеге аспақ

Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы Қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша дөнгелек үстел «Kazakhstan Global Investment Roundtable» өтті (KGIR-2019). Бұл шараға биылалғаш рет Маңғыстау облысы да қатысты.

KGIR-2019 қазақстандық және шетелдікинвесторлар үшін маңызды инвестициялықоқиғалардың бірі. Форумға 1100-ден астам іріәлемдік және қазақстандық компаниялардыңбасшыларын, халықаралық сарапшыларынмемлекеттік және халықаралық ұйымдардыңөкілдері келді. Олардың ішінде 600 ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia»», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «ValmontIndustries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» жәнетағы басқа ірі компаниялардың топменеджерлері бар.

Форум алаңдарында облыс әкімі Ералы Тоғжанов10-ға жуық шетелдік жетекші компаниялардыңөкілдерімен екеуара кездесу өткізді. Олардынқатарында Жапония, Қытай, Корея, Түркия, Франция елінен келген инвесторлар бар. Келіссөздің нәтижесінде газхимия саласындаМаңғыстау облысының әкімдігі мен «Westgasoil»компаниясы (Сингапур) метанол жәнеолефиндерді өндіру бойынша жобаны жүзегеасыру ынтымақтастық туралы келісімге қолқойды.

Жобаны жүзеге асыру химия өнімдердін өндіруінорналастырып, елдің газхимия кешенін дамытуарқылы импорт алмастыруды қамтамасыз етеді. Өңір басшысы қол қойған тағы бір меморандумшетелдік компаниялардың қатарында көлік жәнетасымалдау саласында өзіндік орны бар«Shanghai Ace Investment group» корпорациясы. Шанхайлық компанияның өкілдері «Ақтау Теңізпорты» арнайы экономикалық аймағында жүкқоймасының құрылысын басатуды көздеп отыр.

Сонымен қатар, ынтымақтастық жөніндегімаңызды келісім Ақтау мен Ляньюнганқалалары, Құрық пен Ляньюнган порттарыарасында бекіді. Қазақстандық жаһандықинвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелдіңқорытындысы бойынша инвестормен жалпысомасы 2 млрд. АҚШ долларды құрайтынкелісімдерге қол қойылды.

Форум барысында аймақ басшысы ЕралыТоғжанов Маңғыстау облысында жаңа жобанықолға алып, іс бастау үшін көптеген мүмкіндіктерқарастырылғанын атап өтті. Сондайақ, қазбабайлықтарын игеру, ауыл шаруашылығы, туризмсекілді салаларда әріптестік орнатуға шықырып, әкімдік тарапынан кез келген инвесторларғақолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.